Театр

  • 1-ші облыстық театр фестивалі

    С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрының 45 жылдық мерейтойы аясында өткен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Тарлан» сыйлығының лауреаты Ж.Хаджиев атындағы 1 аймақтық театрлар фестивалі туралы хабарлама.

  • «Естен кетпес сабақ»

    Таяуда С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрында осындай атаумен спектакль премьерасы өтті. Қоюшы режиссері Теміржан Жанботаев. 

  • «Жезқазған - жерұйығым жүректегі»

    Күні В.Красногоровтың «Жестокий урок» спектаклінің премьерасы өтті. Спектакль орыс тілінде қойылды.

  • «Сахнагер - 2018»

    27 наурызда Алматыда «Сахнагер - 2018» дәстүрлі сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанатты шарасы өтті.

  • «Теректі әулиеге» саяхат

    «Теректі әулиеге» - Бұл Орталық Қазақстанның көне бейнелеу өнерінің ескерткіші. Театр суретшілері қасиетті орынға барды.

  • Актерді мерейтойымен құттықтады.

    Таяуда С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрының артисі, ҚР Мәдениет қайраткері Ерке Асқарұлы Бәйдешев асқаралы 60 жасқа толды.

  • Актерлермен кездесулер

    Театр проводит творческие встречи в учебных и лечебных учреждениях. На встречах посетители могут вживую пообщаться с артистами нашего театра, задать интересующие их вопросы

  • Артиске қошемет көрсетілді

    ҚР Мәдениет саласының үздігі, облыс әкімінің «Алтын қобыз» сыйлығының иегері, артист Жұмағазы Хасенұлы Бірмұханов 20 наурызда 60 жасқа толды. Серке театрында еңбек етіп келе жатқанына да отыз жыл болыпты. Осы күні театр ұжымы мерейтойымен құттықтап, артиске қошемет көрсетті.

  • Астана күніне тарту

    Жылдағы дәстүр бойынша биылғы жылы да еліміздің бас қаласы – Астананың туған күні жоғары деңгейде ұйымдастырылып, атап өтілді. Биыл ол еліміз үшін айтулы оқиға, атаулы күндермен тұспа-тұс келді.

  • Жолдау талқыланды

    Театр басшысы Е.Жұмакенов талқылау барысында Жолдаудың жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайтын маңызды құжат екенін атап өтті.

  • Игілікті шара

    «КазТрансОйл»АҚ қызметкерлері локальды кәсіптік одағы» қоғамдық ұйымы мен С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театры әкімшілігі өзара тығыз рухани -мәдени әріптестік орнату жайлы бұдан бұрын келісімге келген болатын.

  • Лайықтылар марапатталды

     Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында театрдың бір топ әртістері мен қызметкерлері түрлі марапаттарға ие болды. Қуыршақ труппасының әртісі Асылбекова Гульнур ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін ҚР Мәдениет, және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі»

  • Режиссер Шәріп Ұзақов алпысқа толды

    Таяуда С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театры қуыршақ труппасының режиссері, Мәдениет қайраткері Шәріп Қасымжанұлы Ұзақов 60 жасқа толды.

  • Сахнада - «Ауған қасіреті»

    Жезқазған қазақ музыкалық драма театры. С.Қожамқұлова жанкүйерлерге «Ауған қасіреті» спектаклін ұсынды

  • Театр актерлері

    zhanbotaev doszhan

    Жанботаев Досжан Әбдіралімұлы

    1949 ж.т.
    Атқаратын қызметі
    01.08.1972 жылдан бастап театр актері..
    М.Щепкин атындағы Мәскеу жоғары театр училищесі, 1972ж.
    Атақтары мен марапаттаулары
    (алған уақыты)
    «Құрмет белгісі» ордені 16.04.1976ж.
    ҚазКСР-ына еңбегі сіңген артист, 1982 ж.
    ҚР халық артисі,1992ж.
    ҚР еңбек сіңірген қайраткері, 2008ж.

    Жанботаев Досжан Әбдірәлімұлы 1972 жылы М.С.Щепкин атындағы Мәскеу Жоғары театр училищесін бітіріп, С.Қожамқұлов атындағы облыстық музыкалық – драма театрының іргетасын қалаушылардың бірі ретінде еңбек жолын бастады.Қырық бес жылдан астам уақыт бір театрда үзбей еңбек етіп келеді.
    Дарынды актер, сахнаның шынайы шебері Д.Ә.Жанботаев тынымсыз ізденіс, кәсіби шеберлікті шыңдаудағы қажырлы еңбегі нәтижесінде 50-ден астам рөлдерді сомдап, қайталанбас бейнелердің галереясын сомдады. Актер өзі сомдаған әрбір кейіпкердің ішкі жан дүниесін, сезім иірімдерін, мінез өзгешеліктерін бейнелеуге үлкен мән береді және оны өзгеге ұқсамас өзіндік қолтаңбамен көрермен назарына ұсына біледі. Сондықтан сомдаған рөлдері көрермендер мен театр сыншылар тарапынан жоғары бағасын алып келеді.
    Әсіресе А.Штейннің «Толасындағы» - Ленин, Ш.Мұртазаның «Сталинге хатындағы» - Сталин, К.Әбдрахманның «Кетбұқасындағы» - Шыңғысхан, В.Шекспирдің «Гамлетіндегі» - Клавдий, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуындағы» - Қарабай, Қ.Ысқақовтың «Таңғы жаңғырығындағы» - Жарасбай, К.Ахметовтың «Ерте ояндым, ойландым...» спектакліндегі – Жиренше, А.Володиннің «Қос жебесінде» - Шешен, К.Ахметовтың «Қанда бар ғой, қанда!..» спектаклінде - Байсал, Ғ.Ештанаев пен Р.Ибраеваның «Әбілмансұрында» - Төле би және басқа да кесек-кесек тұлғалар актер талантының сан қырлылығын танытқан образдар ретінде көрермен жадында қалды.
    Серке театрының халықаралық, республикалық фестивальдерде алған жүлделерінде Д.Ә.Жанботаевтың актер ретінде қосқан үлесі мол. Мәселен, 1996,1998 және 2012 жылғы республикалық театр фестивальдерінде қойылған С.Балғабаевтің «Ең әдемі келіншек», М.Әуезовтың «Қаракөз»,М.Кәрімнің «Ай тұтылған түн» спектакльдеріндегі рөлдері үшін «Ең үздік эпизодтық рөл», 2008 жылғы республикалық фестивальде К.Ахметовтің «Қанда бар ғой,қанда!» спектакліндегі рөлі үшін «Ең үздік ер ролі» номинацияларын иеленді. 2006 жылы облыстық мәдениет басқармасының «Ең үздік театр режиссері», 2008 жылы Қарағанды облысы әкімнің «Алтын қобыз» сыйлығына «Жыл артисі» номинациясы бойынша ие болды.
    Театрдың өркендеуіне, ұлттық сахна өнерінің дамуына қосқан зор үлесі үшін 1977 жылы КСРО Мәдениет министрі, КСРО Жазушылар Одағы және мәдениет қызметкерлері кәсіподағы Орталық Комитетінің дипломдарымен, 1976 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1982 жылы «Қазақ КСР-ына еңбегі сіңген артист», 1992 жылы «Қазақстан Республикасының халық артисі», 2008 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атақтарына ие болды.
    2002-2016 жылдары театрдың көркемдік жетекшісі,
    2010ж.-2016 жылдың маусым айына дейін театрдың директоры қызметін абыроймен атқарды.
    Бірнеше отандық телесериалдарға түскен.


    zhanbotaev temirzhan

    Жанботаев Теміржан Досжанұлы, актер, режиссер
    1973 жылы туған

    1996 жылы Т.Жүргенов атындағы Алматы өнер институтының актерлік факультетін бітірген.

    Жанботаев Теміржан орта мектепті бітірген соң театрда әуелде сахна машинисі, кейін қосалқы құрамда актер болып еңбек етті. Театр өнерінің әліппесін меңгерген соң, Т.Жүргенов атындағы Алматы өнер академиясының актерлік факультетіне оқуға түсіп, 1996 жылы бітіріп шығып, туған театрында еңбек жолын жалғастырды. Кейін Алматыға ауысып, өзін кино саласында сынап көрді. Әралуан жанрдағы бірқатар отандық фильмдерде түрлі кейіпкер образдарын сомдады. Еліміздің эстрада жұлдыздарының ән-баяндарына түсті.
    2008 жылы С.Қожамқұлов театрына қайта оралып, репертуардағы көпшілік спектакльдерде басты, негізгі және эпизодтық рөлдерді ойнады. Теміржан кейіпкерлерін ішкі толғаныстарымен бірге сахналық суретіне, пластикалық түріне, сөз мағынасының ашылуына және осының барлығы да кейіпкерлерінің әрекеті мен мінез өзгешіліктеріне табиғи байланыста болу жағына баса көңіл аудара отырып кейіптеді.
    Талантты, жаңалыққа жаны құмар ол Қырғызстандағы Б.Бейшеналиева атындағы өнер институтының режиссерлік факультетіне оқуға түсті. Алдымен А.Чупиннің «Аладдиннің сиқырлы шамы» ертегісін балаларға базарлық етсе, одан соң Н.Птушкинаның «Кешікпе, махаббат!» атты лирикалық комедиясын қойды. Сұңқар ақын Сәкеннің 120 жылдығына орай Ғ.Ештанаевпен бірігіп жазған «Сәкеннің соңғы сәттері» поэтикалық қойлымын, С.Жүнісовтің «Қысылғаннан қыз болдық» музыкалық комедиясын, С.Тұрғынбекұлының «Кейкі батыр» және К.Әбдірахманның «Кетбұқа» тарихи драмаларын, Г.Хугаевтың «Қара шекпен» спектакльдерін көрермен өте жылы қабылдады.
    Соңғы жылдары В.Красногоровтың «Жестокий урок» және Ғ.Жайлыбайдың «Қара орамал» спектакльдерін қойды. «Жестокиий урок» спектакліне профессор Кольцовтың адам бойындағы қатігездіктің шегін анықтау үшін жасаған эксперименті арқау болған. Спектакль арқылы режиссер адам бойындағы қатігездік, зұлымдық әрекеттер деңгейін анықтап, оған қалай тосқауыл қоюға болады деген ой салады көрерменге.
    Ал «Қара орамал» - кешегі халқымыз бастан кешкен зұлматтың ащы шежіресі, ұмытуға болмайтын ауыр қасірет. Аталған спектакльдер жаңашылдығымен, иновациялық формалар мен әдістерді, сахналық эффектілерді қойылымның идеялық мазмұнына сәйкес тиімді пайдалана алуы арқылы ерекшеленді.
    Марапаттары:
    2017 жылы аймақтық фестивальде «Ең үздік ер ролі» номинациясына,
    2018 жылы Қарағанды облысы әкімінің «Алтын қобыз» сыйлығына,
    2018 жылы Жезқазғанда өткен халықаралық фестивальде қойылған Ғ.Жайлыбайдың «Қара орамал» спектаклі үшін «Үздік режиссура үшін» номинацияларына ие болды.


    abdrasylova ziliha

    Абдрасылова Зилиха

    театр актрисасы
    1952 жылы туған.
    М.Щепкин атындағы Мәскеу жоғары театр (ВУЗ) училищесі, 1978ж.
    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет қайраткері төс белгісі, 2002 ж.

    Зилиха Абдрасылова 1978 жылы арнайы жолдамамен С.Қожамқұлов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында еңбек жолын бастап, бір театрда қырық жылдан астам уақыт үзбей еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде қырықтан астам рөлдерді сомдап, талантты актриса ретінде көпшілік көрерменге кеңінен танылды.
    Майталман актрисаның сахнадағы өзін-өзі ұстау мәнері, кейіпкерінің ішкі жан дүниесін нанымды бере білуі, импровизациялық тәсілдерді кеңінен қолдана алуы, сахналық серіктестерімен тіл табыса, өзара үндесе еңбек ете алатындығы оның басты ерекшеліктерінің бірі. Зилиха сомдаған бейнелер сонысымен құнды. Алғашқы жылдары сомдаған бейнелерінің өзінен-ақ болашақ сахна шеберінің айқын қолтаңбасы анық аңғарылды. Мәселен: А.Дударевтің «Тосқауылындағы» - Нина, М.Әуезовтың «Қараш – қараш оқиғасындағы» - Кептертөс, Н.Островскийдің «Адам аласы ішіндегіде» - Балшы әйелі, Ә.Оразбековтың «Бір түп алма ағашындағы»- Дәметкен, Е.Домбаевтың «Ғашықтар туралы балладасындағы» - Мәстура т.б. образдары көрермендер тарапынан кезінде жақсы бағасын алды.
    Жан-жақты тәжірибесі толысып, сахналық кемелдену кезінде сомдаған С.Асылбековтің «Желтоқсан оқиғасында» - Мария Петровна, М.Әуезовтің «Қарагөзінде» - Мөржан, К.Әбдірахманның «Кетбұқасында» - Күлбише ,Ф.Буляковтың «Күйеуге шыққан кемпірлерінде» - Ақлима, Т.Ракишеваның «Өмір сүргім келедісінде» - Рая, А.Володиннің «Қос жебесінде» - жесір әйел, В.Дельмардың «Өкінішті өмірінде»-Нэнси, Т.Нұрмағанбетовтің «Кемпірлерден шыққан дауындағы»- Келіншек кемпір, Н.Птушкинаның «Кешікпе, махаббатында» - Софья Ивановна, Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» спектаклінде – Ұзынғайша, А.Коровкиннің «Тәтелерінде» - Генриетта Карловна сияқты образдардың өзіне тән даралық сипатын аша отырып, мінез-кейіптерін беруде тың шешімдер қолдана алуымен тамаша сомдады.
    Зилиха ертегі кейіпкерін де шынайы сомдаудың шебері, сонысымен кішкентай көрермендер жүрегіне жол тапқан актриса. 2006 жылы Қарағандыда өткен «Театр - балалар әлемінде» дәстүрлі фестивалінде С.Оспановтың «Мұңлық-Зарлық» ертегісінде сомдаған Бәйбіше рөлі үшін «Ең үздік эпизодтық роль» номинациясына ие болды.
    Өнер саласындағы жемісті еңбегі үшін дипломдар мен мақтау қағаздары, алғыс хаттармен марапатталды.
    Олардың ішінде:
    2002 жылы - ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төс белгісі
    2012 жылы – Қарағанды облысы мәслихатының Алғыс хаты
    2013 жылы – Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жыл артисі» номинациясы
    2017 жылы – Жезқазған қаласы әкімінің «Мәдениет және өнер саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы бар.


     abildin kenzhetayАбильдин Кенжетай Жүсіпұлы

    актер
    1982 жылы туған
    Жезқазған музыкалық колледжінің актерлік факультеті, 2002 жыл,
    Қырғызстандағы Б.Бейшеналиева атындағы өнер институтының актерлік факультетін бітірген, 2011 жыл.

    Абильдин Кенжетай Жүсіпұлы Жезқазған музыкалық колледжінің актерлік факультетін бітірген соң, театрдағы еңбек жолын 2000 жылы бастады.Үнемі ізденіс, кейіпкер бейнесін сомдаудағы өз қолтаңбасын табуға деген талпыныс жас артистің рөлден-рөлге өсу барысында анық аңғарылады. Алғашқы жылдары Р.Ибраеваның «Махаббат пен кесапатында» - Аслан, «Таңғажайып саяхат» ертегісіндегі – Алдияр, С.Оспановтың «Мұңлық-Зарлығында» – Зарлық, Т.Нұрмағанбетовтың «Бес бойдаққа – бір той» музыкалық комедиясында – Жарбол бейнелері арқылы көрерменнің ыстық ықыласына бөлінді. Б.Ұзақовтың «Үміт» драмасындағы басты рөл - Замирдің мінез-құлқын, ішкі психологиялық толғанысын шынайы сомдауы арқылы өзінің шығармашылық деңгейін көтеру бағытында үздіксіз ізденіспен жүйелі жұмыс жүргізіп жүргенін анық байқатты. Сондықтан оған У.Шекспирдің «Гамлет» трагедиясында Озрик бейнесін ойнау сеніп тапсырылды.К.Абильдин А.Володиннің «Қос жебе» спектаклінде – Қалқанқұлақ, К.Ахметовтың «Қанда бар ғой, қанда!..» спектаклінде – Абзал, М.Әуезовтің «Ерте ояндым, ойландымында» (инц.К.Ахметовтікі) - жас Абай, С.Жүнісовтың «Жаралы гүлдерінде» – Бақыт, т.б. арқылы адам мен қоғам арасындағы қайшылықты боямасыз шынайы жеткізе білді.
    2010 жылы Тараз қаласында өткен республикалық театрлар фестивалінде С.Жүнісовтің «Жаралы гүлдеріндегі» Бақыт бейнесі үшін екінші пландағы «Ең үздік ер ролі» номинациясына ие болды. Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясында - Қозы бейнесін бар болмыс-бітімі мен оқиға барысындағы әрекеттерінің себептерін нанымды ашу үшін кейіпкерінің ішкі психологиялық иірімдеріне терең үңіліп, басқа образдармен қарым-қатынасы арқылы ашып көрсете алды. Қозы образы – жас актердің өнер жолындағы сәтті салған соқпақтарының бірі деуге толық негіз бар.
    Соңғы жылдары сомдаған М.Байғұттың «Ауған қасіретіндегі» - Серікжан, К.Ахметовтің «Шырақ» тарихи драмасындағы – Шырақ, М.Кәрімнің «Ай тұтылған түніндегі» - Ақжігіт, Ғ.Ештанаев пен Т.Жанботаевтың «Сәкеннің соңғы сәттері» поэтикалық қойылымындағы - Сәкен, С.Жүнісовтің «Қысылғаннан қыз болдық» музыкалық комедиясындағы учаскелік полицей Алтынбек және С.Тұрғынбекұлының «Кейкі батыр» тарихи драмасындағы Кейкі батыр, К.Әбдірахманның «Кетбұқасында» - Кетбұқа, А.Коровкиннің «Тәтелерінде» - Бабакин сияқты бір-біріне мүлдем ұқсамайтын қаһармандар актердің шығармашылық тұрғыдан ысылып, сахналық бай тәжірибе жинақтап, өскенін анық байқатты.
    К.Абильдин 2015 жылы Жезқазған қаласы әкімінің сыйлығына «Жыл артисі» номинациясы бойынша ие болды.


     alieva gulderАлиева Гүлдер Мұханбетжанқызы

    1996 жылы туған

    2015 жылы Жезқазған музыкалық колледжінің актерлік факультетін бітірген.

    Алиева Гульдер Муханбетжановна начала работать актрисой театра еще будучи студенткой Жезказганского музыкального колледжа. Первые свои шаги в искусстве молодая актриса начала с роли Айгуль в спектакле С.Жунусова «Девушки поневоле». С тех пор, наблюдая за игрой известных мастеров сцены, укрепляя свой талант, она постепенно развивает творческий путь.

    Алиева Гүлдер Мұханбетжанқызы театрдағы еңбек жолын Жезқазған музыка колледжінде оқып жүрген кезден бастады. Өнердегі талпынысымен танылып жүрген жас актриса С.Жүнісовтің «Қысылғаннан қыз болдық» спектаклінде -Айгүл бейнесін сомдап алғашқы аяқ алысын сәтті бастады. Содан бері театрдың айтулы сахна шеберлерінің ойын-өрнектерін көріп, бойдағы талантын ұштап, шығармашылық еңбегін ұдайы дамытып келе жатыр.
    Актриса ретінде қалыптасып, сахналық тәжірибе жинақтай келе сомдаған рөлдері көпшілік көрермен көңілінен шығып, образдардың келістіре сомдап жүр. Мәселен Р.Ибраеваның «Сиқырлы кітабында» - Ақмысық, Ғ.Ештанаев пен Т.Жанботаевтың «Сәкеннің соңғы сәттері» поэтикалық композициясында -Гүлбаһрам, К.Әбдірахмановтың «Кетбұқа» спектаклінде - Құлан, Э. Шмиттың «Тәңірге хатында» Пегги Блю және т.б.
    Гүлдер Мұханбетжанқызының басты қасиеті – алғырлығы, еңбекқорлығы, бастаған ісін жеріне жеткізе білуі. Соның нәтижесінде ол актерлік деңгейін шынайы жоғарлатуға байланысты Г.Хугаевтың «Қара шекпен» әфсанасында Көкшулан рөлі сеніп берілді. Қойылған тапсырмалармен бірге өзі де үнемі іздене жүріп, қойылымдағы Көкшулан рөлін шынайы шеберлікпен сәтті ойнап шықты.
    М.Сәрсекенің «Тендерге түскен әйел » драмасында -Айнагүл, Ә.Оразбековтың «Бір түп алма ағашында» - Ләйлә сияқты күрделі образды ойдағыдай сахналай алды.
    Гүлдер - балалардың да сүйікті актрисасы. А.Волковтың «Меруерт шаһарының сиқыршысында» - Веллина,А. Чупиннің «Аладдинінде» -Будур Р.Киплингтің «Маугли» ертегісіндегі - маймыл, Павлин рөлдерін ерекше шабытпен сомдағанын атап өтуге болады.

    2018 жылы Қазақстан театрлар ассоциациясының «Сахнагер - 2018» сыйлығының «Үміт» номинациясымен марапатталды.


    alkenova batima

    Әлкенова Бәтима Қарақойшықызы, актриса

    1969 жылы туған

    2018 ж. Б.Бейшеналиева атындағы Бішкек өнер институтының актерлік факультетін бітірді

    Алкенова Бәтима 1993 жылдан театрда еңбек етеді. Актриса алғашқыда көпшілік сахна, эпизодтық рөлдерде ойнап, біртіндеп ізденімпаздығының арқасында негізгі және басты рөлдерді ойнауға жетті. Келе-келе өзіндік қол таңбасын қалыптастырып үлгерді. Е.Домбайдың «Ғашықтық туралы балладасындағы» - Нүрия, С.Оспановтың «Мұңлық - Зарлығындағы» - мыстан, О.Бөкейдің «Атау кересіндегі» - Марфа, С.Жүнісовтің «Жаралы гүлдеріндегі» - Гүлсім, Эмма, Е.Төлеубайдың «Таланған тағдырындағы» - Майра, К.Жұмабековтың «Әйел махаббатындағы » - Бәтима, К.Ахметовтің «Құданың өзі, құдайдың «көзі» келгендесіндегі» - Кәпия, Ф.Буляковтың «Күйеуге шыққан кемпірлеріндегі» - Сәлима, М.Хасеновтың «Пай-пай, жас жұбайлар-айындағы» - Ғазиза, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлудағы» - Күнікей, К.Ахметовтың «Шырға алаңындағы» - Индира, С.Тұрғынбекұлының «Кейкі батырында» - Кейкінің анасы, Р.Киплингтің «Мауглиінде» - Ана қасқыр және т.б. түрлі жанрдағы спектакльдердегі әр алуан мінез-кейіптегі бітім-болмысы бөлек-бөлек образдары шынайылығымен ерекшеленеді.
    Актрисаның үздік сомдаған рөлдерінің бірі - С.Жүнісовтің «Жаралы гүлдер» спектакліндегі орыс тілі пәнінің оқытушысы неміс Таурид Эмма Ивановнаның бейнесі. Аталған спектакль 2010 жылы Тараз қаласында өткен ХҮІІІ Республикалық театрлар фестивалінде қойылып, Бәтима Қарақойшықызының образ сомдау шеберлігі театр сыншылары тарапынан аталып өтілді.
    Б.Алкенованың биылғы сомдаған басты рөлдерінің бірі - Д.Исабековтің «Ескі үйдегі екі кездесу» спектакліндегі Зейнеп. Актриса кейіпкерін рухани жалғыздыққа ұшыраған жан ретінде бейнелейді. Спектакльдің өн бойында әйел-ананың жан дүниесінің толқынысы мен ширығуын, Айтөремен кездескендегі сезім пернесінің дірілін дәл танып, дөп басуымен көрермен жүрегіне жол таба алды.

    Талантты актриса жемісті еңбегі үшін облыс, қала әкімі, облыстық мәдениет басқармасы, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Құрмет грамоталары, Алғыс хаттарымен марапатталды. Мәселен:
    2011 жылы - Қарағанды облысы мәдениет басқармасының «Жыл артисткасы» номинациясы.
    2011жылы - «НұрОтан» халықтық-демократиялық партиясы Жезқазған қалалық филиалының Құрмет грамотасы.
    2012 жылы - Қазақстан Театр қайраткерлері одағының Құрмет Грамотасы.
    2014 жылы - Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Құрмет грамотасы.
    2016 жылы - Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасы.


    aristambekov zhanibek

    Аристамбеков Жәнібек Майрамбекұлы, актер
    1980 жылы туған

    2002 жылы Жезқазған музыкалық колледжінің актерлік факультетін бітірген

    Арыстанбеков Жәнібек Жезқазған музыкалық колледжінің актерлік факультетін бітірген соң, театрдағы еңбек жолын 2000 жылы бастады. Іздене жүріп, кейіпкер бейнесін сомдаудағы өз қолтаңбасын табуға деген талпыныс жас артистің алғашқы аяқ алысынан-ақ байқалды. Оның алғашқы сомдаған образ Р.Ибраеваның «Махаббат пен кесапаты» драмасындағы Муму бейнесі. Ауқатты отбасының маңдайға басқан жалғыз ұлы, мектепті кезінде үздік бітіріп, біртіндеп нашақорлыққа салынған жастың қиналған сәттегі күйзелісін шынайы сомдай алды. Сондықтан көрермен жас актер талпынысын өте жылы қабылдады.

    Біртіндеп актерге басқа рөлдер сеніп тапсырылды. Мәселен, Р.Ибраеваның «Алпамыс батыр» ертегісінде-уәзір, Е.Домбайдың «Ғашықтық туралы балладасында- Меңдібай, Т.Ракишеваның «Өмір сүргім келедісінде»- Дастан, Р.Ибраеваның «Сиқырлы кітабында» - Месқарын, А.Чупиннің «Аладдинінде» -бай саудагер және т.б. рөлдердің мінез-құлқын, ішкі психологиялық толғанысын нанымды көрсете алды. Актердің соңғы кездері ойнаған М.Байғұттың «Ауған қасіретіндегі» - Мирқодир,Рахман, К.Ахметовтің «Шырақ» тарихи драмасындағы – Саяқ батыр, В.Дельмардың «Өкінішті өмірінде» - Билл, Д.Исабековтің «Актрисасында» - бизнесмен, Ғ.Ештанаев пен Т.Жанботаевтың «Сәкеннің соңғы сәттері» поэтикалық қойылымындағы Ілияс Жансүгіров, К.Әбдірахманның «Кетбұқа» тарихи драмасындағы Нартұқ батыр, Р.Киплингтың «Маугли» ертегісінде Шерхан сияқты бір-біріне ұқсамайтын бейнелер образдың кілтін табу мақсатында жүргізген ізденісінің нәтижесі екені анық.

    Жәнібек Майрамбекұлы осы жылдар ішінде спектакльдің басты, негізгі, эпизодтық рөлдерін сомдап тәжірибе жинақтады. Сахна сырларын меңгерді. Өзін-өзі жетілдіріп, іздене жүріп, кейіпкердің болмысын шынайы бере алатын актер ретінде қалыптасты. Жоғары білім алу мақсатында Б.Бейшеналиева атындағы Бішкек өнер институтында сырттай оқып жүр.
    Өнер мен мәдениет саласындағы еңбегі бағаланып, 2012 жылы Жезқазған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Құрмет грамотасымен, 2016 жылы қала әкімінің, 2017 жылы Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды.


    baydalina karlygash

    Байдалина Қарлығаш Жәнібекқызы, актриса
    1978 жылы туған

    1996 жылы Жезқазған музыкалық колледжінің халық аспаптары бөлімін бітірген

    Қарлығаш Жәнібекқызы Байдалина театрдағы еңбек жолын 1996 жылы бастап, содан бері өзін талантты  актриса ретінде танытып келеді.

          Қарлығаш М.Әуезовтың «Қаракөз» спектаклінде Қаракөз образын ішкі дүниесі бай, қазақ қыздарына тән мінез кейіппен сомдай білді. Театр сахнасында жас актриса Қ.Тоқбаевтың «Үкіміндегі» - Айша, А.Боранбаевтың «Сотанайдың соңғы үйленуіндегі» - Әйкен, К.Ахметовтың «Құданың өзі, құдайдың көзі келгендесінде» - құдағи, С.Жүнісовтың «Қысылғаннан қыз болдымында» - Эльмира, Е.Домбаевтың «Ғашықтық туралы балладасындағы» - Қоңырша, Ә.Тәжібаевтің «Көтерілген күмбезінде» - Махаббат, Ә.Таразидің «Күнәсінда» - Шолпан, К.Жұмабековтың «Әйел махаббатында» - Зияш, Т.Ракишеваның «Өмір сүргім келедісінде» - Айна, Г.Хугаевтің «Қара шекпенінде» -Қосүрей сияқты кейіпкерлерді өзіндік нақышымен өте сәтті шығарды. Актриса лирикалық, комедиялық, тіпті драмалық спектакльдерде де кейіпкерлерінің рухани әлемін терең ұғынып, жан тебіренісі мен көңіл толқынын шеберлікпен көрсете алады.

    2008 жылы актриса «Қос жебе» тарихи драмасында  қойылымның негізгі рольдерінің бірі – Тасбақа бейнесін сомдады. Қарлығаш бұл образды жаны нәзік, жүрегі сезімтал жан етіп тұлғалады. Ол топас, дөреке жандардың арасындағы нәзік гүл іспетті... Актрисаның роль шығаруға өзіндік көзқараспен келіп, көркемдік шырай беруге талпынысы, әсем қозғалысы, арамдықтан ада пәк жүзі, жан-жағына шуақ сепкен нәзік дауысы оны басқалардан ерекшелендіріп тұрады. Тасбақа мінезінің, оның адал махаббатының қыр-сырын ашуда сөзбен қатар үнсіздікті, пластикалық қимылды ойната білген.

    Қ.Байдалина – шебер актриса болуымен қатар, талантты әнші. 1994 жылы Шымкент қаласында өткен Әміре Қашаубаев атындағы республикалық конкуста «Көрермендер көзайымы» сыйлығының иегері, 1998 жылы облыстық «Жас қанат» байқауының, «Қайнар» жастар сыйлығының иегері атанды. 2004 жылы репертуарындағы әндер облыстық  «Мәдени мұра»  Алтын қорына жазылды.


    baydeshev erke

    Бәйдешев Ерке Аскарович
    театр актері.1957 ж.т.

    Ерке Асқарұлы Байдешев 1979 жылы С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрында еңбек жолын бастап, кейін С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық – драма театрында әрі қарай жалғастырды. Талантты актер бүгінге дейін көркемдік шешімі келіскен қырыққа жуық образдарды сахнаға шығарды.
    Актер ретінде қалыптасып, кемеліне келіп, сахналық бай тәжірибе жинақтаған Е.Байдешевтың сомдаған кейіпкерлерінің айтар ойы терен, бояу қанық. Әсіресе С.Жүнісовтың «Жаралы гүлдеріндегі»- Қасым, Т.Буляковтың «Күйеуге шыққан кемпірлеріндегі»- Бастық, Р.Ибраеваның «Махаббат пен кесапатындағы» -Аслан, Т.Нұрмағанбетовтың «Бес бойдаққа – бір тойындағы» - Нарбол және т.б. бейнелері барынша ой елегінен өткеріп, жеріне жеткізе кескінделген, тағылымы терең, көрермендердің есінен кетпес өрелі кейіпкерлер.
    Ал В.Шекспирдің «Гамлет», М.Әуезовтың «Ерте ояндым, ойландым» трагедияларындағы – Розенкранц,Байсал, В.Дельмардың «Өкінішті өміріндегі» - Гарвей, Д.Исабековтің «Актрисасындағы» - Ерлен, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясындағы - Жарқын, Ғ.Ештанаев, Р.Ибраеваның «Әбілмансұрындағы»-Бөгенбай батыр, К.Ахметовтің «Шырағындағы» - Крез, М.Сәрсекенің «Тендерге түскен әйелінде» -Таубай, М.Байғұттың «Ауған қасіретінде» - командир Маратхан бейнелерін шын дарын иесінің соңғы кездері сомдаған образдарының ішіндегі ең үздіктері деуге болады.
    Ерке Асқарұлы - тек трагедиялық, драмалық образдарды ғана емес, комедиялық және ертегі кейіпкерлерін сомдаудың да шебері. С.Жүнісовтың «Қысылғаннан қыз болдық» музыкалық комедиясында ауыл басшысы Ыбырай Джарлығаповичтің образын заман көшінен қалмайтын, жаңалықты жақсы сезінетін басшылардың жиынтық бейнесі ретінде кейіптейді. Экономикасы ғана емес, мәдениеті дамыған ел ғана жақсы жетістіктерге жететінін түсінген білікті басшы ретінде ой салады. Ал Г.Хугаевтің «Қара шекпен» спектакліндегі бейнетқор есек Кико, А,Волковтың «Меруер шаһарының сиқыршысы» ертегісіндегі-Бөжей бейнелері де шынайылығымен ерекшеленді.

    Е.Байдешевтың талантының тағы бір қыры – әншілігі. 2005 жылы Қарағанды облыстық мәдениет департаментінің «Сахна саңлағы»,
    2007 жылы ҚР «Мәдениет қайраткері» төс белгісімен марапатталды
    2011 жылы Жезқазған қаласы әкімінің «Үкілі қобыз»,
    2017 жылы облыс әкімінің «Алтын қобыз» сыйлығын «Жыл артисі» номинациясы бойынша бойынша жеңіп алды


    begaydarova sabirakul

    Бегайдарова Сабиракүл Төребайқызы
    1957 жылы туған

    1983 жылдан театр актрисасы
    1983 жылы Алматы Мемлекеттік театр және көркемсурет институтын бітірген
    2002, 2012 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
    2013 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісін иеленді.

    Бегайдарова Сәбиракүл Төребайқызы 1983 жылы Алматы Мемлекеттік театр және көркемсурет институтының «Драма театры және кино актері» факультетін бітіргеннен кейін еңбек жолын арнайы жолдамамен С.Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық- драма театрында бастап, содан бері осы театрда үзбей еңбек етіп келеді. Сахна өнерінің айтулы шеберлерінің ойын - өрнектерін көре, үлкенді- кішілі рөлдерді ойнай жүріп ысылды. Ізденімпаз, алғыр жас алғашқы ойнаған рөлдерінен -ақ өзін жақсы жағынан көрсете алды. Театр ұжымының осы мерзім ішінде қол жеткізген табыстарында актриса С.Бегайдарованың қосқан үлесі мол. Эпизодтық рөлдерде есептемегенде, талантты актриса бүгінге дейін көркемдік шешімі келіскен 40-қа жуық әйел - аналардың образдарын сахнаға шығарды. Олардың ішінде М.Әуезовтің «Қаракөзінде» - Ақбала, Ш.Айтматовтың «Бетпе-бетінде» - Сейде, Б.Жакиевтін «Әке тағдырында» - Зура, Қ.Ысқақовтың «Таңғы жаңғырығында» - Қатша, С.Асылбековтың «Желтоқсан жаңғырығында» - Мария Петровна, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш–Баян сұлуында» - Таңсық, Мақпал, Т.Ахтановтың «Күшік күйеуінде» - Биғайша, Д.Исабековтың «Әпкесінде» - Қамажай, Қ.Мұхамеджановтың «Біз періште емеспізінде» - медбике, Е.Төлеубайдың «Таланған тағдырында» - ана, И.Вовнянконың «Тентек теңізшісінде» - Ұлпан, Ф.Буляковтын «Күйеуге шыққан кемпірлерінде» - Ақлима, А.Володиннің «Қос жебесінде» - жесір әйел, В.Дельмардың «Өкінішті өмірінде» - Кора, Ғ.Ештанаев пен Т.Жанботаевтың «Әбілмансұрында» - күтуші әйел, М,Сәрсекенің «Тендерге түскен әйелінде» - Сағила және т.б. алуан кейіпкерлерді жанрлық ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік мінез-кейіп, бітім-болмысына сай шеберлікпен сомдап шықты.
    С.Бегайдарова - ертегі кейіпкерлерін бала болмысына сай нанымды сомдаудың шебері. Р.Ибраеваның «Таңғажайып саяхат», «Алтын айдарлы бала», С.Оспановтың «Мұңлық-Зарлық», А.Волковтың «Меруерт шаһарының сиқыршысы» спектакльдерінде және тағы да басқа спектакльдерде шайтан, бәйбіше, мыстан, сиқыршы Гингема сияқты образдарды шынайы бейнелей алуы арқылы кішкентай көрермен жүрегіне жол тауып жүр.
    Жоғары кәсіби шеберлік, сахнада өзін- өзі ұстай білу, әрбір қимыл, іс-әрекетке ерекше мән беру, сөйлеу мәнері, көрерменді өзіне тарта білу қасиеті оны театрдың белді артистері қатарына көтерілуіне мүмкіндік берді.
    С.Бегайдарова талантының тағы бір қыры – әншілік. Ол шағын интермедия ойнаудың шебері. Осы өнерлері арқылы қалада өтетін мәдени шараларға, қоғамдық жұмыстарға бар ықыласымен белсене қатысады және мәдени-көпшілік жұмыстар мен шығармашылық кештерді шеберлікпен ұйымдастырады. Кәсіподақ ұйымының төрайымы ретінде ұжым мүшелерінің тұрмыстық-әлеуметтік және еңбектік мәселелерінің оң шешілуіне ықпал етіп келеді.
    Театр өнерін дамытудағы ұзақ жылғы еңбегі жеміссіз емес. Мәселен,
    2002 жылы - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасы.
    2012 жылы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасы,
    2012 жылы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісі
    2014 жылы – «Жыл артисі» номинациясы бойынша Жезқазған қаласы әкімінің Дипломы,
    2016 жылы - «Жыл артисі» номинациясы бойынша Қарағанды облысы әкімінің «Алтын қобыз» сыйлығы
    2017 жылы – Жезқазған қаласының Құрмет грамотасы


    bergenova aygerim

    Бергенова Әйгерім,Нұрділдаевна, актриса
    1993 жылы туған

    2013 жылы Жезқазған музыкалық колледжінің актерлік факультетін бітірген

    Бергенова Айгерим Нұрділдәқызы 2014 жылы Жезқазған музыкалық колледжінің актерлік бөлімін бітірген соң С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрына жұмысқа қабылданды. Айгерим Нұрділдәқызы осы уақыт ішінде шешімі келіскен бірнеше образдарды сахнаға шығарды.

    Актриса ретінде қалыптасып, сахналық тәжірибе жинақтай келе сомдаған рөлдері көпшілік көрермен көңілінен шығып жүр. Олардың ішінде Р.Ибраеваның «Сиқырлы кітабында» - Ақ мысық, А.Волковтың «Меруерт шаһарының сиқыршысында» - Элли, Ғ.Ештанаев пен Т.Жанботаевтың «Сәкеннің соңғы сәттері» поэтикалық композициясында- Гүлбахрам, Р.Мұқанованың «Қыз жылағанында» - басты роль Ләйлә, С.Жүнісовтың «Қысылғаннан қыз болдық»комедиясында – Айгүл, Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлуында» - Тансық, М.Байғұттың «Ауған қасіретінде» -Айгүл бейнелері актрисаның роль сомдаудағы тәп-тәуір талпынысын көрсете білді.


    beyisbekov nurzhan

    Бейісбеков Нұржан Жаруллаұлы
    1993 жылы туған

    2013 жылы Жезқазған музыкалық колледжінің актерлік факультетін бітірген.

    Бейісбеков Нұржан Жаруллаұлына 2014 жылдан театрда еңбек етіп келеді. Жезқазған музыкалық колледжінің актерлік бөлімінің 1 курсынан бастап-ақ жас актер бірнеше рөлдерді тамаша сомдап жүр. Мәселен, К.Ахметовтың «Қанда бар ғой, қанда!» драмасында Марат, М.Хасеновтың «Пай-пай, жас жұбайлар-ай!...» комедиясында – Бекзат, Р.Ибраеваның «Бәйтерек» ертегісінде Қайрат, «Алпамыс батырында» - Жәдігер, «Аяз Атаның аса таяғында» - Қодық, С.Оспановтың «Мұңлық-Зарлығында» - Зарлық, Э.Шмиттың «Тәңірге хатында» - Эйнштейн бейнелерін жастық жігермен сомдап шықты.
    Театрға актер ретінде қабылданғаннан кейін Р.Ибраеваның «Сиқырлы кітабында» - Мешкей, А.Волковтың «Меруерт шаһарының сиқыршысында» - Тотошка, А.Чупиннің «Аладдинінде» - Зомби, М.Байғұттың «Ауған қасіретінде» - Құрманов, Нұржан, С.Жүнісовтың «Қысылғаннан қыз болдық» комедиясында Жұмат, С.Тұрғынбекұлының «Кейкі батыр» спектаклінде – солдат, қызыл әскер, К.Әбдірахманның «Кетбұқасында»- Жошы, Г.Хугаевтің «Қара шекпен» спектакліне - Бэбэ, Р.Киплингтің «Мауглиінде» -Маугли бейнелері актердің рөлден рөлді ойнауда шығармашылық тұрғыдан өсу үстінде екендігін байқатты.
    2012 жылы Қарағанды өткен дәстүрлі аймақтық «Балалар –театр әлемінде» фестивалінде А.Волковтың «Меруерт шаһарының сиқыршысы» спектакліндегі рөлі үшін «Үздік эпизодтық ер ролі» номинациясын иеленді.

    2015 жылы Сәтбаев қаласында өткен республикалық Өтжан би атындағы «Би шешендер – елдіктің алтын діңгегі» жыр-толғау оқушыларының фестивалінде жүлделі І орынға ие болды.


    beysenbay kanagat

    Бейсенбай Қанағат Медебайқызы, актриса
    1996 жылы туған

    2017 жылы Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр және өнеракадемиясын бітірді

    Бейсенбай Қанағат Медебайқызы 2017 жылы Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр және өнеракадемиясын бітіріп, С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық – драма театрында еңбек жолын бастады. Қанағат Медебайқызы аз ғана уақыт ішінде шешімі келіскен шағын образдарды сахнаға шығарды.
    Олардың ішінде А.Волковтың «Меруерт шаһарының сиқыршысында» - Тотошка, Ғ.Ештанаев пен Т.Жанботаевтың «Сәкеннің соңғы сәттері» поэтикалық композициясында- Гүлбахрам, К.Әбдірахманов «Кетбұқасында »- қызметші қыз, Р.Мұқанова «Қыз жылағанында» - Құмардың қызы, М.Байғұттың «Ауған қасіретінде» -Сәлима бейнелері актрисаның рөл сомдаудағы тамаша талпынысын көрсете білді.

    М.Кәрімнің «Ай тұтылған түн», Р.Киплинтің «Маугли», А. Чупиннің «Аладдинінде», Г.Хугаевтың «Қара шекпен» әфсанасында көпшілік сахнаға қатысып жүр.


    birmuhanov zhumagazy

    Бірмұханов Жұмағазы Хасенұлы, 1957 жылы туған.

    1984 жылдан театр актері.
    1984 жылы М.Әуезов атындағы Қазақтың Мемлекеттік академиялық театры жанындағы театр студиясын бітірген.
    2002 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған
    2017 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісін алды.

    Бірмұханов Жұмағазы 1984 жылы Алматыдағы М.Әуезов атындағы Мемлекеттік Академиялық театр жанындағы театр студиясын бітірген соң еңбек жолын Қызылорда облыстық музыкалы-драма театрында бастады. 1988 жылы С.Қожамқұлов атындағы облыстық музыкалы- драма театрына ауысып, содан бері осы театрда үзбей еңбек етіп келе жатыр.
    Ж.Бірмұханов театр саласындағы 30 жылдан астам уақыт ішінде көптеген рөлдерді сахналады. Ол эпизодтық рөлдерді сомдаудың шебері. Кішкентай рөлдердің өзіне үлкен мағына сыйғызып, терең жауапкершілікпен орындайды. Мәселен, Е.Домбайдың «Ғашықтық туралы баллада» спектаклінде – Шахмұрат, И.Вовнянконың «Тентек теңізшісінде» – офицер, Ә.Таразидың «Күнәсында» - Кейқуат, К.Тоқбаевтың «Үкімінде» - Барбол, Е.Төлеубайдың «Таланған тағдырында» - Қадыр, М.Әуезовтың «Қаракөзінде» - Тойсары, О.Бөкейдің «Атау кересінде» - Захар, К.Жұмабековтың «Әйел махаббатында» - «Академик», К.Әбдрахманның «Кетбұқасында» - Жасауыл, т.б.көптің көңілінен шыққан образдар.
    Жұмағазы Хасенұлы М.Әуезовтың «Ерте ояндым, ойландым, жете алмадымыңда...» - Майбасар, Ғ.Мүсреповтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлуында» - Айдар, Ә.Тәжібаевтың «Көтерілген күмбезінде» - Шүкайт бейнелерін шынайы сомдай алуы арқылы Республикалық театрлар фестивальдерінде аталған спектакльдердің Бас жүлде – Гран приді жеңіп алуына қомақты үлес қосты.
    Ж.Бірмұхановтың соңғы кездегі тынымсыз ізденісінің нәтижесі – Т.Нұрмағанбетовтың «Бес бойдаққа – бір той» комедиясындағы басты рөл – Қырманбай шалдың бейнесі.
    Ол Р.Ибраеваның «Сиқырлы кітап», «Алтын айдарлы бала», «Таңғажайып саяхат», Н.Оразалинның «Аққұс туралы аңыз», С.Оспановтың «Мұңлық-Зарлық» спектакльдерінде ертегі кейіпкерлерін нанымды, бала жанына жақын бере алуы арқылы кішкентай көрермендердің сүйікті актеріне айналды.
    Көп жылғы жемісті еңбегі нәтижесінде 2002 жылы ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Құрмет грамотасы, 2004 жылы Жезқазған қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

    2007жылы Қарағанды облысы әкімінің «Алтын қобыз» сыйлығына «Үздік эпизодтық рөл» номинациясы бойынша ие болды.2017 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісін алды.
    2008 жылы «Хабар » арнасының Шәкәрім Құдайбердиев туралы телефильмінде Шәкәрім ролін сомдады.


    bulgakbaev serik

    Бұлғақбаев Серік Құрматайұлы .1957 ж.т.
    театр актері.

    М.Щепкин атындағы Мәскеу жоғары театр училищесі, 1978ж.
    ҚР еңбек сіңірген артисі, 1992ж.
    Заслуженный артист РК, 1992г.
    «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісі, 2012 ж.

    Серік Құрматайұлы Бұлғақбаев М.С.Щепкин атындағы Мәскеу Жоғары театр училищесін 1978 жылы бітірген. Театрдағы 40 жылдан астам уақыт еңбек жолында ол 50-ге жуық қайталанбас бейнелердің тамаша галереясын жасады. Мәселен, Ш.Мұртазаның «Сталинге хатындағы» - Т.Рысқұловтың, И.Ғайыптың «Зұлымдық тамырындағы» - Ғалымжан, К.Ахметовтің «Ерте ояндым, ойландым, жете алмадымындағы» - Абай, Ә.Тәжібаевтің «Көтерілген күмбезіндегі» - Хан бейнелері актердің ізденісі мен қажырлы еңбегінің, тамаша талантының жарқын көрінісі. «Көтерілген күмбездегі» қалмақ ханының образы үшін 2000 жылғы республикалық театрлар фестивалінде «Ең үздік ер рөлі» номинациясына ие болды.
    С.Құрматайұлы кейіпкерінің ішкі жан дүниесіне, сезім иірімдеріне бойлай еніп, мінез өзгешеліктерін өзіндік өрнекпен бейнелеуге үлкен жауапкершілікпен қарап, кішкентай рөлдің өзіне үлкен мағына сыйғыза біледі. Ә.Таразидің «Күнәсындағы» - Сәрсен, Е.Төлеубайдың «Таланған тағдырындағы» - Қожайын, К.Жұмабековтың «Әйел махабатындағы» - «Генерал», К.Ахметовтың «Қанда бар ғой, қанда!..» спектакліндегі – Роман, М.Байғұттың «Ауған қасіретіндегі» - жауынгер Рахманның әкесінің және т.б. образдар соның айқын дәлелі. Ал К.Әбдрахманның «Кетбұқасындағы» - Кетбұқа, В.Шекспирдің «Гамлет» трагедиясындағы – Гамлет, М.Кәрімнің «Ай тұтылған түніндегі» -Дәруіш образдары актер талантын барынша ашып көрсеткен образдар болды.
    Актер В.Дельмардың «Өкінішті өмірінде» мистер Купер образы арқылы жақындарының арасында жалғыздық күй кешкен қарттың қасіретін көрсетсе, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясында Жантықты сырт көзге момақан, ал ішкі қулық-сұмдығына құрық бойламайтын аяр жан ретінде бейнелейді. Ю.Хугаевтің «Қара шекпенінде» дәурені өткен кәрі Көкжалдың бітім- болмысын шынайы көрсете алған.
    С.Бұлғақбаев - ертегі кейіпкерлерін шынайы бейнелеудің шебері ретінде балалардың сүйікті актеріне айналған .Қарағанды қаласында өтетін дәстүрлі «Театр - балалар әлемінде» аймақтық фестивалінде Р.Ибраеваның «Сиқырлы кітап» спектакліндегі - Әке мысық рөлі үшін «Ең үздік эпизодтық ер рөлі» жүлдесіне, «Таңғажайып саяхат» ертегісіндегі Шал бейнесі үшін фестивальдің арнайы сыйлығына ие болды.

    Театр өнерін дамытуға қосып жүрген сүбелі үлесі үшін:
    1992 жылы - «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі» атағы
    2010 жылы - Қарағанды облысы әкімінің «Алтын қобыз» сыйлығы
    2012 жылы - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасы
    2012 жылы - «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісі
    2017 жылы - Жезқазған қаласы әкімінің «Жыл артисі» номинациясын алды.


    dzharkynbekov ardak

    Джарқынбеков Ардақ Мейірбекұлы
    1990 жылы туған, актер

    Жезқазған музыкалық колледжінің актерлік факультетін бітірген, 2013 жыл.
    Қырғызстандағы 2017 жылы Б.Бейшеналиева атындағы өнер институтының актерлік факультетін бітірді.

    Джаркынбеков Ардак Мейірбекұлы 2009 жылы Жезқазған музыкалық колледжінің актерлік бөлімінде оқып жүрген кезінен бастап театрда еңбек етіп келеді. Жас актер осы уақыт аралығында он бестен астам рөлдерді тамаша сомдап шықты. Мәселен, Ғ.Ештанаев пен Р.Ибраеваның «Әбілмансұр» эпикалық драмасында қалмақтың Шарыш батырын, Ғ.Ештанаев пен Т.Жанботаевтың «Сәкеннің соңғы сәттері» поэтикалық композициясында қазақ әдебиеті алыптарының бірі Бейімбет Майлиннің бейнелерін жастық жалынмен сомдап шықты. Сондай-ақ, Э.Шмиттың «Тәңірге хатында» - Поп-корн, Р.Ибраеваның «Бәйтерек» ертегісінде бала Қайрат, «Сиқырлы кітабында» - Месқарын, А.Волковтың «Меруерт шаһарының сиқыршысында» - Уорра (маймыл), А.Чупиннің «Аладдинінде» - саудагер, К.Ахметовтың «Шырақ» тарихи драмасында бәдізші, М.Байғұттың «Ауған қасіретінде» - Мирқодир, Р.Мұқанованың «Қыз жылаған» драмасында Құмар, Р.Киплингтің «Маугли» ертегісінде Дөңмандай бейнесін сәтті сомдап, рөлден рөлді ойнау барысында шығармашылық тұрғыдан өсу үстінде екендігін байқатты.
    Соңғы жылдары ол С.Жүнісовтың «Қысылғаннан қыз болдық» комедиясында -Болтай, С.Тұрғынбекұлының «Кейкі батыр» тарихи драмасында - Кейкінің інісі Шұбар сияқты бір-біріне ұқсамайтын кейіпкерлерді жанрлық ерекшеліктеріне сай нанымды кейіптеді. Сондықтан актерге К.Әбдірахманның «Кетбұқа» спектакліндегі Шыңғыс ханның күрделі образын, Г.Хугаевтың «Қара шекпен» әфсанасында Тұзар төбеттің, М.Сәрсекенің «Тендерге түскен әйелінде» - Жорабек, А.Коровкиннің «Тәтелерінде» - майор Кувыкин, Д.Исабековтің «Ескі үйдегі екі кездесуінде » - Ертай, М.Байғұттың «Ауған қасіретінде» -Оқас образдарын сомдау сеніп тапсырылды. Актер өзіне сеніп тапсырылған үлкен міндетті жоғары деңгейде шынайы шеберлікпен сәтті ойнап шықты.
    Ардак Мейірбекұлы қалалық мәдени іс-шараларға да белсенді қатысады. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының және ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550-жылдығы, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және т.б. арналған театрландырылған қойылымдарда ерекше талантымен көзге түсіп, мерекелердің жоғары деңгейде өтуіне лайықты үлесін қосты. Сондықтан жыл соңында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақ хандығы 550 жыл» ескерткіш белгісімен марапатталды.

    2018 жылы Жезқазған қаласы әкімінің «Үкілі қобыз» сыйлығына «Жыл артисі» номинациясы бойынша ие болды.


    ibraeva rayhan

    Ибраева Райхан Жумабаевна
    1948 ж.т.

    Атқаратын қызметі
    01.08.1972 жылдан бастап театр актрисасы, сценарист, драматург. М.Щепкин атындағы Мәскеу жоғары театр училищесі, 1972ж.

    Атақтары мен марапаттаулары
    (алған уақыты)
    ҚР Құрмет грамотасы, 2007ж.
    2013 жылы ҚР «Құрмет» орденімен наградталған

    Ибраева Райхан 1972 жылы Арқалық қалсында жаңадан құрылған облыстық қазақ музыкалық-драма театрының іргетасын қалаушылардың бірі болды. Театр ұжымының осы мерзім ішінде қол жеткізген табыстарында Р.Ибраеваның айшықты қолтаңбасы бар. Ол 45 жылдан астам уақыт ішінде 60-қа жуық образдарды сахнаға шығарды. Олардың ішінде шоқтығы биік, актрисаның бойындағы дарын қуатын барынша ашып көрсеткен образдар көптеп саналады.
    Алғашқы жылдары сомдаған В.Шекспирдің «Ромео-Джульеттасындағы» - Джульетта, М.Әуезовтың «Қара қыпшақ Қобыландысындағы» - Құртқа, «Қаракөзіндегі» - Мөржан, Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлуындағы» - Баян, Ш.Айтматовтың «Бетпе-бетіндегі»-ана, Ш.Мұртазаның «Сталинге хатындағы»-Түйметай, Қ.Ысқақовтың «Таңғы жаңғырығында» - Қатша бейнелері актриса сахналауында ерекше көзге түсіп, көрермен жүрегінде сақталып қалды. Райханның спектакльдегі ойнау шеберлігінің жоғары екендігін бағалаған Мәскеулік сыншы Г.Романенко кезінде «Советская культура» журналында: «Актриса Р.Ибраеваның ойынын көре отырып, әсіресе Мольердың «Әлін білмеген әлек» спектакліндегі Николь, Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасындағы» Джульетта ролінде Қазақстанда ойы терең, образдың сан қырлы құпиясын, мінезін тану шеберлігіне, ойнаған рольдерінің ғасыр уақытымен сайма-сай келіп, дөп түсетін актриса бар екеніне таңданғанымды жасырғым келмейді», - деп жазса, 2005 жылы Қызылорда қаласында өткен Республикалық театрлар фестивалінде жезқазғандықтар қойған К.Әбдірахманның «Кетбұқа» спектаклінде Райхан Жұмабайқызы сомдаған Бөрте роліне байланысты белгілі сыншы Ә.Сығай былай деп түйіндейді: «Адамшылығы көркіне сай, нәзік жан жүрегіне назы лайық Бөрте-Райханның талантына сүйініш білдірмеген кісі сирек шығар...».
    Ибраева Райхан сомдаған М.Әуезовтың «Ерте ояндым, ойландым...» спектакліндегі - Ұлжан, Ә.Тәжібаевтың «Көтерілген күмбезіндегі» - ана, О.Бөкеевтың «Атау кересіндегі» - Нүрке, В.Дельмардың «Өкінішті өмір» драмасындағы - миссис Купер, М.Кәрімнің «Ай тұтылған түн» спектакліндегі Таңқабике сияқты әйел-аналар бейнелері әбден ой елегінен өткеріп, жеріне жеткізе кескінделген, тағылымы терең, өрелі кейіпкерлер.
    Ибраева Райхан – көп қырлы талант иесі. Ол тамаша актриса болуымен қатар, шебер сценарист, әрі драматург. Оның сценарийлерінің мазмұны- терең, түрі- көркем қалыпта өзгеше өтеді.2012 жылы ақын К.Салықовтың 80 жылдығына арналған шығармашылық кеші, Жезқазған өңіріне еңбегі сіңген Құрметті азаматы А.Тәлкеновтің 100 жылдығына арналған еске алу, журналист А.Раховтың 60 жылдық мерейтойына арналған және театрдың 40 жылдығына арналған шығармашылық кештерінің сценарийін дайындап, жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізді.
    2000 жылы ел мәдениеті мен өнеріне сіңірген еңбегі үшін Р.Ибраева Жезқазған қаласы әкімінің «Жылдың мәдени шараларды ұйымдастырушысы» номинациясымен, 2002 жылы қалалық мәдениет бөлімінің «Мәдениет шамшырағы» алтын белгісімен марапатталды. 2007 жылы ҚР Құрмет грамотасына ие болды. 2011 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, 2013 жылы Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен наградталды.
    Оның «Махаббат пен кесапат», «Қадір таңы» спектакльдері Қостанай, Атырау облыстық театрларында да табыспен қойылуда. Ал «Алтын айдарлы бала», «Сиқырлы кітап», «Таңғажайып саяхат» сияқты балаларға арналған ертегілері Қарағанды қаласында жыл сайын өткізілетін аймақтық «Театр - балалар әлемінде» фестивальдерінде жүлделі І, ІІ орындарды иеленіп, автор «Ең үздік драматург» номинациясымен марапатталды. 2007 жылы оның қаламынан шыққан «Алпамыс батыр» ертегісі аймақтық фестивальдің бас жүлдесі – Гран –Приді жеңіп алып, бағалы сыйлыққа ие болды. Аталған шығарма 2007 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің музыкалық және драмалық шығармаларға жариялаған конкурста мемлекеттік грантқа ие болды. Ал 2009 жылғы патриоттық шығармалар бойынша республикалық байқаудың жеңімпазы «Бәйтерек» пьесасы бойынша қойылған спектакль Қарағанды қаласында өткен «Театр - балалар әлемінде» аймақтық фестивалінде 1 орынға ие болды.
    2018 жылы Қазақстан театрлар ассоциациясының «Сахнагер - 2018» сыйлығының «Сахналық ғұмыр» номинациясымен марапатталды.


    ibraev bakytzhan

    Ибраев Бакытжан Калижанович

    Атқаратын қызметі

    02.07.1985 жылдан бастап театр актері. Алматы Мемлекеттік театр және көркемсурет институты, 1985ж.
    Атақтары мен марапаттаулары
    (алған уақыты)
    2002 жылы - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
    келісім министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төс белгісі.
    2016 жылы – ҚР «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл»
    мерекелік медалі

    Бақытжан Ибраев - өнер ұжымының шығармашылық бағытына лайық өзін көп қырлы актер ретінде танытып жүрген талантты актер. Ол орта мектепті бітірген соң еңбек жолын осы театрда бастады. Алматы Мемлекеттік театр және көркемсурет институтын бітірген соң еңбегін қайта жалғастырып, содан бері бір театрда үздіксіз қырық жылға жуық еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде 40-қа жуық басты және негізгі рөльдерді сомдады.
    Алғашқы жылдардың өзінде - ақ Б.Ибраев театрдың жетекші әртістерімен серіктесе отырып, үлкенді - кішілі рөлдерді ойнады. Олардың ішінде А.Дударевтің «Тосқауылындағы» - Драгун, Т.Ахтановтың «Күшік күйеуіндегі» - Төребек, К.Ахметовтың «Ерте ояндым, ойландым, жете алмадымындағы» - Айдар сияқты кейіпкерлерді жастық жігермен сәтті сомдап шығады.
    Бақытжан Қалижанұлының басты қасиеті – еңбекқорлығы, ізденімпаздығы. Қол жеткенге тоқмейілсімей, жылдан - жылға тәжірибе жинақтап, шеберлігі шыңдалып, ысылған актер кейіпкерлерінің ішкі болмысын, жан дүниесінің қатпарлы құпияларын ашуға ден қойды.
    К.Әбдірахманның «Кетбұқа», Ә.Тәжібаевтың «Көтерілген күмбез», О.Бөкейдің «Атау кере», И.Вовнянконың «Тентек теңізші», К.Жұмабековтың «Әйел махаббаты», А.Володинның «Қос жебе», Ә.Таразидің «Күнәсі», Т.Теменов пен С.Сматаевтың «Көгілдір такси», В.Шекспирдың «Гамлет», Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», В.Дельмардың «Өкінішті өмір», Ғ.Ештанаев пен Т.Жанботаевтың «Сәкеннің соңғы сәттері», С.Тұрғынбекұлының «Кейкі батыр», Г.Хугаевтың «Қара шекпен», В.Красногоровтың «Азапты тәлімі», Д.Исабековтің «Ескі үйдегі екі кездесуі» және т.б. спектакльдердегі Жошы, Қыран, Таған, сержант, Төлеген, Жаусоғар, Кеще, Тайшы хан, полковник Қайыржан, Лаэрт, Айбас, Джордж, Сәкен, Кутский, Қуқар, профессор Кольцов, Айтөре сияқты образдарды актер ішкі психологиялық толғаныстарымен бірге сахналық суретіне, пластикалық түріне, сөз мағынасының ашылуына және осының барлығы да кейіпкерлерінің әрекетіне, мінез өзгешіліктеріне табиғи байланыста болу жағына баса көңіл аудара отырып, сәтті тұлғалап шықты.
    Комедиялық спектакльдерде Б.Ибраев басқаша бір қырынан танылады. К.Ахметовтың «Құданың өзі, құдайдың «көзі» келгенде» сатиралық комедиясында- Құржан, Е.Домбайдың «Ғашықтық туралы баллада» музыкалық комедиясында- Шауырхан, Т.Нұрмағанбетовтың «Бес бойдаққа – бір той» музыкалық комедиясында- Барбол, Т.Нұрмағанбетовтің «Кемпірлерден шыққан дау» комедиясында – Сұраған, Н.Птушкинаның «Кешікпе, махаббатында» - Игорь бейнелері арқылы күнделікті тіршілікте кездесетін келеңсіздікті өткір көрсетеп, спектакльдердің комедиялық сыр-сипатымен әр алуан ой саларлық кейіпте бейнелей білді.
    Б.Ибраев - күрделі драмалық образдармен қатар, ертегі кейіпкерлерін шынайы сомдаудың шебері. Ол бейнелеген Н.Оразалинның «Аққұс туралы аңызындағы» - Қарақұс, С.Оспановтың «Мұңлық-Зарлығындағы» - Шаншар хан, Р.Ибраеваның «Алтын айдарлы баласындағы» - бай, «Сиқырлы кітабындағы» - Әке мысық, «Алпамыс батырындағы» - Тайшы хан бейнелері кішкентай бүлдіршіндердің қызыға қызықтайтын, асыға күтетін кейіпкерлері.

    Талантты актер Б.Ибраев өнер саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін көптеген дипломдар, мақтау қағаздары мен алғыс хаттармен марапатталды. Олардың ішінде:
    2000 жылы - Жезқазған қаласы әкімінің «Жыл актері» жүлдесі.
    2002 жылы - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
    келісім министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төс белгісі.
    2008 жылы – Қарағанды облысы мәдениет басқармасының «Жыл артисі» жүлдесі.
    2011 жылы - Қарағанды облысы әкімінің «Алтын қобыз» сыйлығы.
    2012 жылы – Қарағанды облысы мәслихатының Алғыс хаты.
    2015 жылы - Қарағанды облысы мәдениет қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасы.
    2016 жылы – ҚР «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі.


    igibaev kurman

    Игібаев Құрман Бекмырзаұлы, актер
    1963 жылы туған

    1994 жылы Жезқазған музыка колледжінің актерлік факультетеін бітірген
    2018 жылы Б.Бейшеналиева атындағы өнер акдемиясының режиссерлық бөлімін бітірді.

    Игібаев Құрман театрда еңбек ете жүріп, 1994 жылы Жезқазған музыка колледжінің жанындағы театр студиясын бітіргеннен кейін актер ретінде еңбек жолын бастап, отыз жылдан астам уақыт бір ұжымда жемісті еңбек етіп келеді. Театр ұжымының осы мерзім ішінде қол жеткізген табыстарында актер Қ.Игібаевтің қосқан үлесі мол. Табиғи талант, өз ісіне деген сүйіспеншілік, қажырлы еңбектің арқасында аз уақыттың ішінде актерлік мамандықтың қыр-сырын меңгеріп, көркемдік шешімі келіскен көптеген образдарды сахнаға шығарды. Олардың ішінде Б.Жакиевтің «Әке тағдырында» басты рөл - Жеңісбек, Д.Исабековтің «Әпкесінде» - Тимур, К.Ахметовтың «Ерте ояндым, ойландым, жете алмадымында» - Керең сияқты актердың бойындағы дарын қуатын барынша ашып көрсеткен образдар көптеп саналады. Осы Керең рөлі үшін 1995 жылы Жезқазған қаласында өткен республикалық театрлар фестивалінде қала әкімінің Бас жүлдесіне ие болды.
    Қ.Игібаев драмалық рөлдермен қатар, комедиялық рөлдерді де шебер ойнайды. Мол тәжірибе жинақтап, кемеліне келген кезде сахналаған М.Әуезовтің «Қарагөзіндегі» - Дулат, Ш.Айтматовтың «Арманым - Әселіміндегі» - Исмаил, К.Ахметовтың «Құданың өзі, құдайдың «көзі» келгендегісіндегі» - «Министр» құда, Е.Домбайдың «Ғашықтық туралы балладасындағы» - Шахмұрат, С.Жүнісовтің «Жаралы гүлдеріндегі» - Аплаш, Т.Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір тойындағы» - Кико, М.Байғұттың «Ауған қасіретіндегі» - Құрманов, Е.Төлеубайдың «Таланған тағдырындағы» - Болат, С.Сматаев, Т.Теменовтің «Көгілдір таксиіндегі» - Есбергенов, В.Дельмардың «Өкінішті өміріндегі» - дәрігер, Ғ.Ештанаев пен Т.Жанботаевтың «Сәкеннің соңғы сәттеріндегі» - Ежов, К.Ахметовтің «Шырағындағы» - Тарпаң, М.Кәрімнің «Ай тұтылған түніндегі» ауыл ақсақалы, Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесіндегі » - Шылғаубай т. б. бейнелері Қ.Игібаевтің сомдауында бояу қанық, өмірдің өзіндей шынайы, нанымды шыққан образдар ретінде көрермен есінде қалды.
    Ол балаларға арналған спектакльдерде де шебер ойнайды. Мәселен, Р.Киплингтің «Мауглиінде» - кәрі қасқыр, Р.Ибраеваның «Сиқырлы кітабында» - Қылкеңірдек, А.Волковтың «Меруерт шаһарының сиқыршысында»- қарға және т.б.рөлдерді арқылы балалардың жүрегіне жол тауып жүрген актер.
    Құрман Игібаев – әнші, шағын интермедия ойнаудың шебері. Осы өнерлері арқылы қалада өтетін мәдени іс-шараларға, қоғамдық жұмыстарға бар ықыласымен белсене ат салысады.

    Марапаттары:
    2002 жылы - Қарағанды облысы мәдениет департаментінің «Өнерге іңкәр жүрек» номинациясы
    2009 жылы - Жезқазған қаласы әкімінің Құрмет грамотасы
    2011 жылы – Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасы
    2014 жылы - Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Құрмет грамотасы
    2016 жылы - Қазақстан Театр Қайраткерлері одағының Құрмет Грамотасы
    2017 жылы – «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің Кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының Құрмет грамотасы.


    kenzheev duysenbek

    Кенжеев Дуйсенбек Борибаевич, 1963 ж.т.

    Атқаратын қызметі
    02.09.1986 жылдан бастап театр актері. Алматы Мемлекеттік театр және көркемсурет институты, 1986ж.
    Атақтары мен марапаттаулары
    (алған уақыты)
    Медаль «Ерен еңбегі үшін», 2002ж.
    «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісі, 2013 ж.

    Д.Кенжеев театрдағы еңбек жолын 1986 жылы бастады. Осы жылдар ішінде қайталанбас тамаша образдар галереясын жасады. Әсіресе, Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегіндегі» - Төлеген образының орны ерекше. Институтты бітірейін деп тұрған кезінде Арқалық театрының бас режиссері Ж.Хаджиев институтқа арнайы барып, «Қыз Жібек» спектаклінде ойнайтын артистерді іздеп жүріп, Төлеген рөліне әрі әнші, әрі актер Дүйсенді, Жібек роліне Талжібек Атамбекованы Жібек роліне лайықты деп тауып, театрға шақырды. Екеуі театрға бірге келіп, ролдерді сәтті ойнап шықты.
    Т.Ахтановтың «Күшік күйеуіндегі» - Кубик, М.Әуезовтің «Қаракөзіндегі» - Сырым, С.Жүнісовтің «Қысылғаннан қыз болдығындағы» - Алтынбек, К.Ахметовтің «Ерте ояндым, ойландым,жете алмадымындағы» -Мағауия, Ә.Тәжібаевтың «Көтерілген күмбезіндегі» -Замана, О.Бөкейдің «Атау кересіндегі» - Ерік, К.Әбдірахманның «Кетбұқасындағы» - Жебе Ноян бейнелері оны көрерменге талантты актер ретінде танытты. Жебе ноян бейнесі үшін 2001 жылы Петропавл қаласында өткен ІХ республикалық театрлар фестивалінде қойылған «Кетбұғы» (реж,М.Ахманов) «Ең үздік эпизодтық ролі үшін» номинациясын иеленді.
    Тәжірибелі актер Т.Ракишеваның “Өмір сүргім келеді” спектаклінде – Жүрген Шманович, В.Шекспирдің “Гамлет” трагедиясында – Горацио, Ф.Буляковтің «Күйеуге шыққан кемпірлерінде» - қарттар үйінің бастығы, В.Дельмардың «Өкінішті өмірінде» - мистер Хэннинг, Т.Нұрмағанбетовтің «Кемпірлерден шыққан дауында» - саңырау шал, К.Ахметовтің «Шырағында» - Арсақ батырдың, Ғ.Ештанаев пен Т.Жанботаевтың «Сәкеннің соңғы сәттерінде» - сері Сәкеннің, С.Тұрғынбекұлының «Кейкі батырында» - Токаревтің рольдерін ерекше шабытпен сомдады. Бұл рольдер сахна өнерінің қатпарлы сырларын терең меңгерген шыншыл өнерпаздың асқан дарынының зор құдыреті. Соның нәтижесінде Д.Кенжеев 2007 жылы Қарағанды облысының мәдениет департаментінің «Жылдың үздік эпизодтық ер ролі үшін» номинациясын иеленді, 2013 жылы облыс әкімінің «Алтын қобыз» сыйлығын алды. 2002 жылы ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды. 2013 жылы ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен марапатталды.


    mayrambek gauhar

    Майрамбек Гауһар Қадырбекқызы
    1995 жылы туған

    2013 жылы Жезқазған музыкалық колледжінің актерлік факультетін бітірген.
    2018 жылы - Қырғызстандағы Б.Бейшеналиева атындағы өнер институтының актерлік факультетін бітірген.

    Майрамбек Гауһар Қадырбекқызы 2014 жылы Жезқазған музыкалық колледжінің актерлік бөлімінбітірген соң С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театры драма труппасының актрисасы ретінде жұмысқа қабылданды.Талантты актриса сахна шеберлерімен қатар ойнай жүріп, жылдан жылға тәжірибе жинақтап келеді.
    Г.Майрамбек қазір репертуардағы көпшілік спектакльдерде эпизодтық рөлдермен қатар, негізгі және басты рөлдерді сомдап жүр. Мәселен, К.Ахметовтің «Шырак» тарихи драмасында –Сағира, С.Жүнісовтің«Қысылғаннан қыз болдық» музыкалық комедиясында -Қадиша, Э.Шмиттің «Тәңірге хатында» - Дюкрю ханым, Р.Мұқанованың «Қыз жылағанында» - Бәти, Р.Киплингтің «Мауглиінде» - қасқыр ана, А.Коровкиннің «Тәтелерінде» - Инга және т.б. рөлдерді бойдағы таланат пен жастық жігермен, өзіндік шеберлікпен ойнап шықты. Соның нәтижесінде оған В.Красногоровтың «Жестокий урок» спектакліндегі басты рөлдердің бірі актриса Алиса Львовнаның рөлі сеніп тапсырылды. Актриса күрделі образды жоғары деңгейде сомдап шықты.


    nurgalieva sanim

    Нургалиева Санім
    1948 жылы туған

    Атқаратын қызметі
    30.04.1974 жылдан бастап театр актрисасы.
    Абай атындағы академиялық опера және балет театрының студиясы, 1973ж.
    Атақтары мен марапаттаулары
    (алған уақыты)
    «Еңбек ардагері» медалі 16.11.1990ж.
    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төс белгісі, 2002ж.

    С.Нұрғалиева 1948 жылы Атырау облысы, Индер ауданы, Жамбыл кеңшарында дүниеге келген. 1972 жылы Абай атындағы Қазақтың Мемлекеттік опера және балет театры жанындағы студияны бітіріп, М.Өтемісов атындағы Атырау облыстық драма теарында еңбек етті. «Атырау-Жайық» ансамблінің әншісі болады. 1973 жылдан С.Қожамқұлов театрында үзбей еңбек етіп келеді.
    Рухани дүниесі бай, ішкі дүниесі сыршыл актрисаның әр сомдаған рөлдерінен қазақ әйелдеріне тән нәзіктік пен қайсарлық, жұмсақтық пен беріктік, табандылық пен төзімділік сынды қасиеттер айқын танылып тұрады. Сәнім Нарышқызының 40 жылдан астам сахнамен біте қайнасқан өмірінде образдардың терең қатпарлы сырларын жетік меңгере жүріп кейіптеген әйел-аналардың бейнелері соның айқын дәлелі. Мәселен, Б.Майлиннің «Шұғасындағы» - Шұға, М.Әуезовтың «Айман – Шолпанындағы » - Шолпан, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуындағы» - Күнікей, У.Гаджибековтың «Аршин – мал – аланындағы » - Жаһан, Т.Молдағалиевтің «Ананың көз жасындағы » - Базаркүл, С.Асылбековтің «Желтоқсан жаңғырығындағы » - Талшын, С.Шәймерденовтің «Әнім сен едіңіндегі » - Сара, И.Вовнянконың «Тентек теңізшісіндегі » - Ана, Ф.Буляковтың «Күйеуге шыққан кемпірлеріндегі» - Сәлима, Ә.Таразидің «Күнәсындағы» - әйел, Т.Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа – бір тойындағы» - Гүлбарам, «Кемпірлерден шыққан дауында» - келіншек кемпір, К.Ахметовтің «Қанда бар ғой, қандасындағы» - Ханзия, Т.Жанботаев пен Ғ.Ештанаевтың «Сәкеннің соңғы сәттері» поэтикалық композициясында Сәкеннің анасының,Р.Мұқанованың «Мәңгілік балаінде» - Талшын және т.б.образдардың сан қырынан көрінуіндегі актриса С.Нұрғалиеваның сіңірген еңбегі зор.
    С.Нұрғалиева - өнердің қос қанатын бірдей меңгерген сыршыл әуені, әсем сазы үйлескен жезтаңдай әнші. Ол әнші ретінде қойылған сан қойылымдардың музыкасын әспептеуге және қаланың қоғамдық-мәдени өміріне де талантымен лайықты үлесін қосып келеді.
    С.Нұрғалиева ұжым арасында үлкен беделге ие, жастардың тәлімгері, отбасында бақытты ана. Театрдың іргетасын қалауға, оның өсіп, өркендеу жолында өзінің лайықты үлесін қосып жүрген сахна шебері.
    Мәдениет пен өнерді дамытудағы ұзақ жылғы еңбегі үшін Құрмет грамотасы, алғыс хаттармен марататталған.

    С.Нұрғалиева 2004 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төс белгісіне ие болды.
    2000 жылы – Жезқазған қаласы әкімінің сыйлығының «Жыл артисі» номинациясы.
    2001 жылы – Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хаты.
    2002 жылы – Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасы.
    2003 жылы – Жезқазған қалалық мәслихатының грамотасы.
    2012 жылы – Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасы.
    2015 жылы – Жезқазған қаласы әкімінің сыйлығының «Мамандығына адалдығы үшін»номинациясы.


    nurtaza tokzhan

    Нұртаза Тоқжан Әбдіғалапқызы
    1995 жылы туған

    2013 жылы Жезқазған музыкалық колледжінің актерлік факультетін бітірген.

    Нұртаза Тоқжан Әбдіғалапқызының театрдағы еңбек жолы Жезқазған музыка колледжінде оқып жүрген кезден басталды.Тоқжан актерлік бөлімінде оқып жүрген кезінен бастап қойылымдардың көпшілік сахнасына қатысып жүрді. Атап айтқанда, Ғ.Ештанаев пен Р.Ибраеваның «Әбілмансұр» эпикалық драмасында, М.Кәрім «Ай тұтылған түн», С.Асылбековтың «Желтоқсан жаңғырығы» және т.б.
    Өнердегі сәтті талпынысымен танылған жас актриса С.Жүнісовтің «Қысылғаннан қыз болдық» спектаклінде - Сания Юнаппаровнаның бейнесін сомдап, алғашқы аяқ алысын сәтті бастады. Содан бері театрдың айтулы сахна шеберлерінің ойын-өрнектерін көріп, бойдағы талантын ұштап, шығармашылық еңбегін ұдайы дамытып келе жатыр.
    Актриса ретінде қалыптасып, сахналық тәжірибе жинақтай келе сомдаған рөлдері көпшілік көрермен көңілінен шығып, образдардың келістіре сомдап жүр. Мәселен Аз уақыт ішінде Тоқжан А.Чупиннің «Алладиннің сиқырлы шамы » спектаклінде - Будур ханшайым, В.Дельмардың «Өкінішті өмір» драмасында - Нелли образын ойдағыдай сахналай алды.С.Тұрғынбековтың «Кейкі батыр» спектаклінде - Ақжан Р.Ибраеваның «Сиқырлы кітабында» - Ана мысық, Д.Исабековтың «Актрисасында»- Қонақ қыз, А. Волковтың «Меруерт шаһарының сиқыршысында»-Сиқыршының көмекшісі, К.Әбдірахмановтың «Кетбұқа» спектаклінде – Бөрте образдарын сомдай білді.
    Р.Киплингтің «Маугли» ертегісінде -Багира рөлі Тоқжанның алғырлығын, еңбекқорлығын, қиындыққа мойымай бастаған ісін жеріне жеткізе білетіндігін дәлелдей түседі. Осы қасиеттері жас актрисаның шеберлігін шыңдап, талабын ұштауға мүмкіндік береді.Шығармашылық деңгейін көтеру бағытында Г.Хугаевтың «Қара шекпен» әфсанасында Сылаң рөлі сеніп берілді.


    okshieva rauan

    Окшиева Рауан,
    актриса
    1985 жылы туған

    2012 жылы Қырғызстандағы Б.Бейшеналиева атындағы өнер институтының актерлік факультетін бітірген.

    Окшиева Рауан театрда 2003 жылдан бері еңбек етеді. Осы жылдар ішінде театрдың айтулы сахна шеберлерінің ойын-өрнектерін көріп, бойдағы талантын ұштап, шығармашылық еңбегін ұдайы дамытып келеді. Еңбек еткен осы уақыт ішінде сомдаған рөлдері көпшілік көрермен көңілінен шығып жүр. Актриса ретінде қалыптасып, сахналық тәжірибе жинақтап, шығармашылық жағынан өсу үстінде. Мәселен, ол Е.Төлеубайдың “Таланған тағдыр”, Б.Ұзақовтың “Үміт”, Р.Ибраеваның “Қадір таңы ”, “Таңғажайып саяхат”, К.Әбдірахманның “Кетбұқа”, К.Жұмабековтың “Әйел махаббаты”, М.Байғұттың «Ауған қасіреті» , Д.Исабековтің «Актриса» , К.Ахметовтің «Шырға алаңында», Ғ.Ештанаев пен Р.Ибраеваның «Әбілмансұр», Ғ.Ештанаев пен Т.Жанботаевтың «Сәкеннің соңғы сәттері», В.Дельмардың «Өкінішті өмір» және т.б. спектакльдерде кейіпкерлерді ішкі нәзік сезім иірімдерімен нанымды сомдай білді.
    Р.Окшиеваның басты қасиеті – алғырлығы, еңбекқорлығы, қиындыққа мойымай бастаған ісін жеріне жеткізе білуі. Осы қасиеттері жас актрисаның шеберлігін шыңдап, талабын ұштауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде ол В.Шекспирдің классикалық шығармасы “Гамлет” трагедиясында – Гертруда сияқты күрделі образды ойдағыдай сахналай алды.
    2015 жылы Қарағанды облысы әкімінің «Қайнар» жастар сыйлығының лауреаты атанды.


    sadenov madi

    Сәденов Мәди Қайратұлы, актер
    1989 жылы туған

    Жезқазған музыкалық колледжінің актерлік факультетін бітірген,2013 жыл
    2017жылы. Қырғызстандағы Б.Бейшеналиева атындағы өнер институтының актерлік факультетін бітірді.

    Саденов Мади Қайратұлы 2011 жылы Жезқазған музыкалық колледжінің актерлік бөлімінде оқып жүргеннен бастап театрда актер ретінде еңбек жолын бастап, 2013 жылы оқу орнын бітіріген соң одан әрі жалғастырды. Аз уақыт ішінде Мади алдына қойылған мақсаттарды бұлжытпай орындайтынын, өзінің мамандығына деген көзқарасының жоғары, талабының биік екенін танытты. Ақжарқын мінезімен, тиянақтылығымен ұжымда тез арада тіл табыса алды.
    Жас актер осы уақытқа аралығында үлкенді-кішілі бірнеше рөлдерді тамаша сомдап шықты. Мәселен, Э.Шмиттың «Тәңірге хат» драмасында спектакльдің басты рөлі - Оскар бейнесін, А.Чупиннің «Аладдин» ертегісінде – Аладдин,М.Байғұттың «Ауған қасіретінде» - жауынгер Құрманов, Ғ.Ештанаев пен Т.Жанботаевтың «Сәкеннің соңғы сәттері» поэтикалық композициясында НКВД жендеті, Р.Ибраеваның «Сиқырлы кітабында» - Қара мысық, А.Волковтың «Меруерт шаһарының сиқыршысында» - кішкентай күшік Тотошка бейнелерін жастық жігерментәп-тәуір сомдап шықты. Сондай-ақ, театр репертуарындағы спектакльдерде көпшілік сахнасындағы образдарды сәтімен шығарды.
    Соңғы кездегі жаңа қойылымдар С.Жүнісовтың «Қысылғаннан қыз болдық» комедиясында - Эдик, С.Тұрғынбекұлының «Кейкі батырында» Кейкінің сарбазы, К.Әбдірахманның «Кетбұқа» тарихи драмасында - Жебе ноян, А.Корвкиннің «Тәтелерінде» -, М.Байғұттың «Ауған қасіретіндегі» -Мирқодир бейнесі жас актердің жарқырай көрініп, өзін-өзі жетілдіру арқылы шығармашылық тұрғыдан өсу үстінде екендігін байқатты.
    2017 жылы Қарағанды облысының мәдениет, ақпарат және құжаттама басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.


    shomanuly abilkasym

    Шоманұлы Әбілқасым
    1952 жылы туған

    Атқаратын қызметі
    18.06.1974 жылдан бастап театр актері.
    М.Әуезов атындағы Мемлекеттік Академиялық драма театр студиясы, 1974ж.

    Атақтары мен марапаттаулары
    (алған уақыты)
    «Ерен еңбегі үшін» медалі, 2006ж
    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төс белгісі, 2005ж.
    Медаль «Ерен еңбегі үшін», 2006г

    1974 жылы жолдамамен келіп, С.Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық- драма театрында еңбек жолын бастады. Өмірін өнерге арнаған актер қырық бес жылдан астам бір ұжымда табан аудармай еңбек етіп, бүгінге дейін 60-қа тарта образдарды сахнаға шығарды. Олардың ішінде шоқтығы биік, актердың бойындағы дарын қуатын барынша ашып көрсеткен образдар көптеп саналады. Әсіресе, республикалық театрлар фестивалінің Бас жүлдесін жеңіп алған Ә.Тәжібаевтің «Көтерлеген күмбез» спектакліндегі Бөгде образы сондай бояуы қанық образдардың бірінен саналады.
    Әбілқасымның бойындағы талант көзі ашылып, жан-жақты сахналық бай тәжірибе жинақтай келе сомдаған бейнелері де кейіпкерінің ішкі жан дүниесінің терең қатпарлы құпияларын шынайы бере алуы арқылы ерекшеленеді. Мәселен, М.Кәрімнің «Тастама отты, Прометейінде» - Прометей, К.Әбдірахманның «Кетбұқасындағы» - Шыңғысхан, К.Жұмабековтің «Әйел махаббатындағы» - Арыстан, К.Ахметовтің «Құданың өзі, құдайдың «көзі» келгендегісіндегі» - Құмыр, Ф.Буляковтың «Күйеуге шыққан кемпірлеріндегі» - Абдулла, Е.Домбайдың «Ғашықтық туралы балладасындағы» - Рәсім, Арыстан, В.Шекспирдің «Гамлетіндегі» - Полоний, А.Володиннің «Қос жебесіндегі» - Ру басы, С.Жүнісовтің «Жаралы гүлдеріндегі» -Балташ т.б. түрлі жанрды қамтыған, түрлі мінез –кейіптегі бейнелері - сөз мағынасын жете түсінетін сахна шеберінің әрбір сөздің бояу-сөлін, астарын ашудағы қарым-қабілеті арқылы әбден ой елегінен өткеріп, жеріне жеткізе кескінделген тамаша образдар.
    Сахна шеберінің сахналаған М.Байғұттың «Ауған қасіретінде» - командир Маратханның, И.Вовнянконың «Тентек теңізші» спектакліндегі Асан, Ғ.Ештанаев пен Р.Ибраеваның «Әбілмансұрындағы» -қария образы актер талантының рөл сомдауда бағындырған биік белестерінің бірі деуге болады. А.Құнанбаевтың 150 жылдығына арналған республикалық театрлар фестивалінде М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының желісі бойынша әдеби нұсқасын К.Ахметов жазған «Ерте ояндым, ойландым...» спектакліндегі Құнанбай образы өте сәтті сомдалған образ ретінде жоғары бағаланды. Белгілі театр сыншысы Бағыбек Құндақбаев «...театр тарихына жаңа, шын мәніндегі Құнанбай келді»,- деп жазса, фестивальдің қазылар алқасының мүшесі, сыншы Әлия Бөпежанова: «Құнанбайдың жан азабының, жан арпалысының қуаты ерекше. Меніңше,фестивальде көрсетілген спектакльдердің ішінде көркемдік шоқтығы биік Құнанбай – осы спектакльде актер Ә.Шоманұлы сомдаған бейне болды»,-деп жазды. Бұл – актер шеберлігіне берілген шынайы баға.
    Ұзақ жылғы тәжірибесіне сүйеніп, 2017 жылы М.Сәрсекенің «Тендерге түскен әйел» пьесасы бойынша спектакль қойды.
    Ә.Шоманұлы өнер саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі үшін көптеген дипломдармен, Құрмет грамоталарымен марапатталды.1999 жылдан «НұрОтан» ХДП-ның мүшесі. Олардың ішінде:

    2005 жылы - ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төс белгісі
    2006 жылы - ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалі
    2012 жылы - Қазақстан Театр Қайраткерлері одағының «Еңлікгүл» Кәсіби театр сыйлығы
    2014 жылы - ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Алғыс хаты»


     zhanbotaeva miruanaЖанботаева Мируана Досжанқызы, актриса-режиссер

    1983 жылы туған

    2012 жылы Қырғызстандағы Б.Бейшеналиева атындағы өнер институтының режиссерлік факультетін бітірген

    Жанботаева Мируана Досжанқызы 2003 жылы театрда актриса ретінде еңбек жолын бастады. Ізденімпаздығымен, сахнада өзін ұстау ерекшелігімен, берілген рөлдердің ішкі жан дүниесін, мінез кейпін ашуға деген ұмтылысымен көзге түсті. Аз уақыт ішінде ойшыл актриса ретінде танылып, эпизодтық қана емес, басты және негізгі рөлдерді де шеберлікпен ойнады. Мәселен, Р.Ибраеваның “Махаббат пен кесапатындағы” - Әсем, “Таңғажайып саяхатындағы” – Ерке, «Алпамыс батырындағы» - мыстан, С.Оспановтың “Мұңлық - Зарлығындағы” – Мұңлық, Б.Ұзақовтың “Үмітіндегі” - Әлия, Т.Нұрмағамбетовтың “Бес бойдаққа - бір той” музыкалық комедиясындағы – Шүйкетай, М.Хасеновтің «Пай-пай, жас жұбайлар-ай!» спектакліндегі – Зәуре бейнелері актрисаның әр кейіпкердің мінез өзгешелігі, сезім иірімдері мен ішкі жан дүниесін сомдауға үлкен мән беретінін байқатты. Сахналық тәжірибе жинақтаған соң сомдаған классикалық шығармалардағы күрделі бейнелері де көптің көңілінен шықты. Мәселен, В.Шекспирдің “Гамлет” трагедиясындағы – Офелия бейнесін жан дүниесі нәзік, рухани сезімі бай, мөлдір бұлақтай таза жан ретінде бейнелесе, керісінше, В.Дельмардың «Өкінішті өмір» драмасында жас қыз Роданы еркін өскен еркетотай, шолжың қыз ретінде кейіптейді, ал Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», М.Кәрімнің «Ай тұтылған түн» трагедияларында Баян, Зүбаржат бейнелерін махаббаттарына адал жан ретінде шынайы шеберлікпен көрсете алды.
    2005, 2009, 2010, 2012 жылдары өткен республикалық театрлар фестивальдерінде қойылған «Кетбұқа», «Қанда бар ғой, қанда!», «Жаралы гүлдер», «Ай тұтылған түн» спектакльдеріндегі Рымкүн ханша, Диляра, Балшекер, Зүбаржат бейнелері де театр сыншылары тарапынан оң бағасын алды
    Жаңалыққа жаны құмар Мируана Р.Ибраеваның «Бәйтерек», Д.Исабековтың «Актриса», К.Ахметовтің «Шырақ», А.Волковтың «Меруерт шаһарының сиқыршысы» пьесалары бойынша және Э.Э.Шмиддтің «Оскар и Розовая дама» шығармасын инсценировкалап, «Тәңірге хат» деген атпен жаңашыл сипатта қою арқылы өзінің режиссерлық қолтаңбасын байқатты. Қарағанды қаласында өткен дәстүрлі «Театр – балалар көзімен» аймақтық фестивалінде ол қойған Р.Ибраеваның «Бәйтерек» спектаклі «Режиссерлық дебют» номинациясына ие болды.
    Мируана Досжанқызы тек театрдың ғана емес, қаланың мәдени-көпшілік жұмыстарына да белсене араласады. Шығармашылық кештер мен өнер байқаулары, фестивальдердың шебер жүргізушісі.

    Марапаттары:
    2012 жылы - «Театр – балалар әлемінде» ХІІІ аймақтық театр фестивалінің «Үздік режиссер» номинациясы, Қарағанды қаласы.
    2012 жылы - Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Құрмет грамотасы.
    2013 жылы - Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жылдың үздік театр режиссері» Дипломы, сыйлығы.

  • Театр туралы

    С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалы – драма театры туралы қысқаша мәлімет

    Театр 1972 жылғы 24 желтоқсанда өз шымылдығын М.Әуезовтің "Айман-Шолпан" комедиясымен ашты. 1978 жылы жас театр Н.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» спектаклі үшін Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты атанды. 1981 жылы театрға ұлттық театр өнерінің аса көрнекті қайраткері Социалистік Еңбек Ері Серке Қожамқұловтың есімі берілді.

    1988 жылы Торғай облысының жабылуына байланысты театр Қазақ КСР-ы Министрлер Кеңесінің шешімі бойынша Жезқазған қаласына қоныс аударды.Театр 1985 жылы Тбилисиде Бүкілодоқтық ІІ Жастар спектакльдері мен 1989,1999 жылдары Бішкекте өткен Орта Азия мен Қазақстан театрларының Наурыз және Халықаралық театр фестивальдерінің арнайы жүлделерін иеленді.

    1992 жылы театр Алматыда Ғ.Мүсіреповтың 90 жылдығына арналған Республикалық театрлар фестивалінде Ғ.Мүсіреповтың "Қозы Көрпеш - Баян сұлу"спектаклі үшін Бас жүлде - Гран Приді жеңіп алды. реж. ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ж.Хаджиев/. Осы жеңісі үшін өнер ордасы 1993 жылы Мысыр қаласында өткен Дүниежүзілік театр фестиваліне тәуелсіз Қазақстан театрлары атынан қатысып қайтты.

    1995 жылы Жезқазғанда өткен А.Құнанбаевтың 150 жылдығына арналған Республикалық театрлар фестивалінде Бас жүлде – Гран Приді екінші мәрте иеленді. /К.Ахметов "Ерте ояндым, ойландым жете алмадым" реж. ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ж.Хаджиев/. 1994,1996 жылдардағы республикалық театрлар фестивальдерінің жүлделі ІІ орын иегері атанды.Д.Жанботаев «Ең үздік эпизодтық ер ролі» номинациясына лайықты деп табылды.

    1998 жылы драма театр құрамына бұрынғы облыстық қуыршақ театр труппасы қосылды.

    2000 жылы Павлодар қаласында Иса Байзақовтың 100 жылдығына арналған VIII Республикалық театрлар фестивалінде Ә.Тәжібаевтің "Көтерілген күмбез" спектаклі /реж. ҚР еңбек сіңірген әртісі М.Ахманов/ Бас жүлде –Гран приге үшінші мәрте ие болды. С.Бұлғақбаев хан ролі үшін «Ең үздік ер ролі» номиациясын алды.

    2005 жылы Қызылорда қаласында өткен республикалық ХІІІ фестивалінің ең жоғарғы жүлдесі - "Тарихи тақырыпты игергені үшін" номинациясын Ж.Хаджиевтің қойған К.Әбдірахманның "Кетбұқа" спектаклі иеленді.Д.Кенжеев «Ең үздік ер ролі» номинациясын алды.

    Театр ұжымы жыл сайын Қарағанды қаласында өтетін «Театр - балалар көзімен» аймақтық фестиваліне балалар спектакльдерімен тұрақты түрде қатынасып, қатарынан 3 жыл жүлделі І орынды иеленді. 2002 жылғы фестивальде Р.Ибраева «Сиқырлы кітап» ертегісі үшін «Үздік драмалық шығарма», С.Бұлғақбаев «Ең үздік ер ролі» номинациясын алды. 2007 жылғы аймақтық фестивальде Р.Ибраеваның «Алпамыс батыр» ертегісі фестивальдің бас жүлдесі – Гран Приді жеңіп алды. Осы жылы Р.Ибраеваның «Алпамыс батыр» пьесасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің патриоттық тақырыпқа арналған музыкалық туындылар мен драмалық шығармаларға жариялаған конкурсында мемлекеттік Грантқа ие болды. 2009 жылдың қыркүйек айында Қарағанды қаласында өткен ХҮІІ республикалық фестивальде ҚР халық артисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Д.Жанботаев К.Ахметовтің «Қанда бар ғой,қанда!» спектакліндегі ролі үшін «Ең үздік ер ролі» номинациясын иеленді.Артист осы ролі үшін жыл басында «Жыл артисі» номинациясы бойынша облыс әкімінің «Алтын қобыз» жүлдесін алған еді. Осы сыйлыққа 2007 жылы «Үздік театр суретшісі» номинациясымен театр суретшісі Т.Мұстафинов, 2008 жылы «Үздік эпизодтық ролі үшін» номинациясы бойынша театр артисі Ж.Бірмұханов, 2010 жылы «Жыл артисі» номинациясы бойынша облыс әкімінің «Алтын қобыз» жүлдесіне ҚР еңбек сіңірген артисі С.Бұлғақбаев ие болды.

    2010 жылы Тараз қалаында өткен XVIII Республикалық театрлар фестивалінде қойылған С.Жүнісовтың «Жаралы гүлдер» спектакліндегі Бақыт ролі үшін жас актер К.Абильдин «Ең үздік ер ролі» номинациясын жеңіп алды.

    40 жылға жуық уақыт ішінде театр Қазақстанның барлық облыстарында, ірі-ірі қалаларында, ауылдық жерлерде гастрольдік сапарларда болды, 5 мыңға жуық спектакльдер қойды. Театр репертуарында әлем классикасы, қазақ әдебиеті классикасы мен қазіргі заман әдебиетінің озық үлгілері негізінде қойылған спектакльдер бар.

    Театрда 1 - ҚР халық артисі,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (Д.Жанботаев), 2 - ҚР еңбек сіңірген артисі (Т.Ракишева,С.Бұлғақбаев), 2 - «Құрмет белгісі» орденінің иегері (Д.Жанботаев, Т.Ракишева), 2 - «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері (Д.Кенжеев,Ә.Шоманұлы), 1 - «Тәуелсіз Қазақстанға -10 жыл» мерекелік медалінің иегері (Т.Мұстафинов), 1 - Қазақстан Республикасы Құрмет грамотасының иегері (Р.Ибраева), 11 - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет қайраткері еңбек етеді.

     

  • Театр әкімшілігі

    nofoto

    Жумакенов Еркебулан Кайроллаевич

    Должность: Директор

    Образование: Высшее.

    В 2002 году закончил Казахскую Национальную академию музыки, факультет: артист оркестра, преподаватель. В 2004 году закончил аспирантуру вышеназванного учебного заведения. В 2007 году закончил Академию государственного управления при Президенте РК по специальности: Магистр государственного и местного управления.

    После окончания в 1996 году Алматинского музыкального училища им. П.И.Чайковского был принят артистом симфонического оркестра при Карагандинском концертном объединении.

    С 1997 по 2002 годы работал концертмейстером симфонического оркестра Государственной филармонии г.Астана, Национального театра оперы и балета им.К.Байсеитовой. 

    С 2002 по 2005 годы - художественный руководитель Президентского оркестра Республиканской гвардии РК.

    С 2007 по 2012 годы занимал должности: заместителя директора продюсерского центра «КазИнтерАрт», начальника международного отдела Казахской Национальной академии искусств им. Т.Жургенова, начальника Управления искусств Министерства культуры и информации Республики Казахстан, заместителя начальника,позже руководителя Центрального ансамбля Министерства обороны РК, директора Карагандинского Областного музея изобразительных искусств.

    С 28 мая 2016 года по 13 января 2017 года исполнял обязанности заместителя директора ТОО «Gala Plus Co».

    С 13 января 2017 года по приказу руководителя Карагандинского областного управления культуры, архивов и документации назначен руководителем Жезказганского казахского музыкально-драматического театра им. С.Кожамкулова.

  • Техникалық жабдық

    Год постройки: 1950

    Число этажей: 2

    Общая площадь: 3280.2 кв.м.

    Сцена: Неподвижная

    Освещение: Софитное

    Занавес: Раздвижной

    Зрительских мест: 100

    Гримерки: 2

    Наличие буфета: Да

    Наличие туалета: Да

  • Турдың кестесі

    Здесь будут публиковаться информация о предстоящих гастролях театра

  • Фестивальден оралды

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Түркістан – түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы» жобасы аясында 2017 жылдың 6 -9 маусым аралығында.

Іздеу

Сүйікті өрнек

zhanbotaev d

Жанботаев Д.А.

"Өнерде шекара жоқ. Барлық уақытта, барлық елде ол мейірім, махаббат, әділеттілік идеалдарына қызмет етіп, биік адамгершілік құндылықтарды бекітті. Мәдениеттің санқырлылығын сақтау, ұлттық болмыс пен ұлттық дәстүр, туған жер мен өз тарихына деген сүйіспеншілікке тәрбиелудегі өнердің маңыздылығын бағаламау мүмкін емес."
Олжас Сулейменов

 

Сүйікті өрнек

zhanbotaev t

Жанботаев 
Т.Д.

"Қаламаған кәсіппен жаныңды қинама. Кәсіп басынан бастап ыңғайлылыққа емес, сүйіспеншілікке құрылу керек. Тым кеш болмай тұрғанда есіңе сақта, кәсібің - жай ғана іс емес, бұл –өмірлік мұратың, бұл –бар ғұмырың."
Харуки 
Мураками