Бұдан отыз үш жыл бұрын облыстық қуыршақ театры болып кішкентай көрермендерге есігін ашқан С.Қожамқұлов театрының қуыршақ труппасы таяуда өзінің отыз төртінші маусымын ашты. Жаңа маусым биылғы жаңа қойылым - И.Федосенконың «Өжет дәрумендер» спектаклімен ашылды.

Спектакль бүгінгі күннің өзекті мәселесін көтерген. Жасыратыны жоқ, балалар дүкен сөрелерінде толып тұрған чипсы, кириешки, ход-дог т.б. өнімдерді жақсы көреді, жиі сатып алып жейді. Ал бұл өнімдер олардың денсаулықтарына орасан зор зиян келтіреді. «Өжет дәрумендер» спектаклі дәруменге толы жеміс-жидектердің пайдасы мен фасфут өнімдері, «Кока Кола» сияқты сусындардың зияны туралы ой тастайды. Спектакль оқиғасы тартымды, балаларға түсінікті музыкалық ертегі түрінде берілген. Кішкентай көрермендер қойылымды қызыға тамашалады, өздері де оқиға барысына қатысып отырды. Қуыршақ туппасы жаңа маусымда балаларға арналған танымдық, тағылымдық спектакльдерін көрермен назарына ұсына беретін болады.

Іздеу

Сүйікті өрнек

zhanbotaev d

Жанботаев Д.А.

"Өнерде шекара жоқ. Барлық уақытта, барлық елде ол мейірім, махаббат, әділеттілік идеалдарына қызмет етіп, биік адамгершілік құндылықтарды бекітті. Мәдениеттің санқырлылығын сақтау, ұлттық болмыс пен ұлттық дәстүр, туған жер мен өз тарихына деген сүйіспеншілікке тәрбиелудегі өнердің маңыздылығын бағаламау мүмкін емес."
Олжас Сулейменов

 

Сүйікті өрнек

zhanbotaev t

Жанботаев 
Т.Д.

"Қаламаған кәсіппен жаныңды қинама. Кәсіп басынан бастап ыңғайлылыққа емес, сүйіспеншілікке құрылу керек. Тым кеш болмай тұрғанда есіңе сақта, кәсібің - жай ғана іс емес, бұл –өмірлік мұратың, бұл –бар ғұмырың."
Харуки 
Мураками