«КазТрансОйл»АҚ қызметкерлері локальды кәсіптік одағы» қоғамдық ұйымы мен С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театры әкімшілігі өзара тығыз рухани -мәдени әріптестік орнату жайлы бұдан бұрын келісімге келген болатын. Соның нәтижесінде 2019 жылдың 17 мамыры күні аталған ұйым 300 орындық залды толық сатып алып, А.Коровкиннің «Тәтелер» спектаклін көрерменмен қамтамасыз етті.

IMG 4889
«Отбасы күніне» орайластырылған спектакльге «КазтТансОйл» АҚ еңбеккерлерімен қатар, көп балалы аналар, аз қамтамасыз етілген отбасы мүшелері, мүгедектер мен қоғамның әлеуметтік жағынан қамқорлықты қажет ететін әлсіз топтары өкілдері арнайы шақырылып, қойылымға тегін кірді. Спектакльге қызметкерлерін «КазТрансОйл» АҚ Жезқазған мұнай басқармасының бастығы Асылбек Бешимов, өндіріс жөніндегі орынбасар Қайрат Райымбеков, материалдық-техникалық және кешенді құрылғылармен қамтамасыз ету қызметінің бастығы Юганов Виталий Александрович, «Казтрансойл» АҚ Жезқазған мұнай басқармасының жас мамандар кеңесінің төрағасы Данияр Шаймарданов және аталған мекеменің кадр қызметі жөніндегі бастығы Жанат Қазбеков өздері бастап келді.

IMG 4959
Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі – жасы жеткен қарт адамдардың мекен-жайын алдап-арбау жолымен қолға түсіру, иемденіп кету мәселесі арқау болған қойылым көрермен көңілінен шықты. Көрермендер күнделікті өмірдің күйбең тіршілігінен бір сәт арылып, көңілді қойылым көруге мүмкіндік жасаған, жақсы рухани демалыс сыйлаған «КазтТансОйл» АҚ Жезқазған мұнай басқармасы басшылығына мен театр ұжымына шынайы көңілдің ризашылығын білдірді.
Алдағы уақытта да осындай игілікті шаралар жалғасын таба беретін болады.

Іздеу

Сүйікті өрнек

zhanbotaev d

Жанботаев Д.А.

"Өнерде шекара жоқ. Барлық уақытта, барлық елде ол мейірім, махаббат, әділеттілік идеалдарына қызмет етіп, биік адамгершілік құндылықтарды бекітті. Мәдениеттің санқырлылығын сақтау, ұлттық болмыс пен ұлттық дәстүр, туған жер мен өз тарихына деген сүйіспеншілікке тәрбиелудегі өнердің маңыздылығын бағаламау мүмкін емес."
Олжас Сулейменов

 

Сүйікті өрнек

zhanbotaev t

Жанботаев 
Т.Д.

"Қаламаған кәсіппен жаныңды қинама. Кәсіп басынан бастап ыңғайлылыққа емес, сүйіспеншілікке құрылу керек. Тым кеш болмай тұрғанда есіңе сақта, кәсібің - жай ғана іс емес, бұл –өмірлік мұратың, бұл –бар ғұмырың."
Харуки 
Мураками