Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының қарарымен 1993 жылдан бастап 15 мамыр Халықаралық отбасы күні болып аталып келе жатқаны белгілі. Содан бері қалың жұртшылықтың назарын отбасы мәселелеріне қарату, оның мәртебесін көтеру мақсатында белгіленген «Халықаралық отбасы күні» мерекесі елімізде кеңінен атап өтіліп келеді.

IMG 3433
С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театры аталған мерекеге орай отбасылық құндылықтарды дәріптеу, өскелең ұрпақты тұлға ретінде қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызын арттыру, әлеуметтік жағдайын көтеру мәселелері арқау болған қойылымдарын көпшілік назарына ұсынып жүр. Солардың бірі Ә.Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» спектаклі. Спектакльді қойған театрдың ардагер артистерінің бірі, ҚР Мәдениет қайраткері Мейрамхан Қожақов. Бір отбасы тағдыры арқылы үлкен әлеуметтік мәселені көтерген спектакль ұзақ жылдардан бері театр репертуарынан түспей келеді. Мереке күні спектакльді көрермен қауым көріп, тамашалады.
Қоюшы режиссер қойылым арқылы мемлекеттің берік іргесін қалайтын, дәстүрлерін жалғастыратын, ұрпақ тәрбиелейтін қастерлі ұя отбасы екенін көрсетуді мақсат еткен. Жалғызбасты аналары «қанаттығы қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай» өсірген бауырлардың ер жеткен соң туған ұяларына ат ізін салуды сиретіп, бір-біріне қамқорлығы азайып, әрқайсысы қара бастарының қамын күйттеген күйкі тіріліктері арқылы қазіргі өмірдің ащы шындығы бейнеленген.

IMG 3445
Наурыз айында театр әкімшілігі көп балалы аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелеріне жыл ішінде қойылатын 10 спектакльге тегін кіру құқығын беретін 50 театр абонаментін тапсырған еді, сондықтан аталған қойылымға осы топқа жататын аналар тегін кірді.
Бұл күні бүлдіршіндер де назардан сырт қалмады. Олар үшін қуыршақ труппасы Н.Осипованың «Қошақан» спектаклін ұсынады. Кішкентай қошақанның ауырып қалған анасын емдеп жазу үшін жолында кездескен қиындықтың бәрін жеңіп шығып, анасын құтқарып қалғаны туралы тағылымдық спектакль кішкентай көрермендердің көңілінен шықты. Қалыптасқан дәстүр бойынша спектакльге әлеуметтік жағынан әлсіз топқа жататын аз қамтамасыз етілген отбасы балалары тегін кірді.

Ү.Молдаберген,
театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі

Іздеу

Сүйікті өрнек

zhanbotaev d

Жанботаев Д.А.

"Өнерде шекара жоқ. Барлық уақытта, барлық елде ол мейірім, махаббат, әділеттілік идеалдарына қызмет етіп, биік адамгершілік құндылықтарды бекітті. Мәдениеттің санқырлылығын сақтау, ұлттық болмыс пен ұлттық дәстүр, туған жер мен өз тарихына деген сүйіспеншілікке тәрбиелудегі өнердің маңыздылығын бағаламау мүмкін емес."
Олжас Сулейменов

 

Сүйікті өрнек

zhanbotaev t

Жанботаев 
Т.Д.

"Қаламаған кәсіппен жаныңды қинама. Кәсіп басынан бастап ыңғайлылыққа емес, сүйіспеншілікке құрылу керек. Тым кеш болмай тұрғанда есіңе сақта, кәсібің - жай ғана іс емес, бұл –өмірлік мұратың, бұл –бар ғұмырың."
Харуки 
Мураками