Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында театрдың бір топ әртістері мен қызметкерлері түрлі марапаттарға ие болды. Қуыршақ труппасының әртісі Асылбекова Гульнур ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін ҚР Мәдениет, және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі»

 Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында театрдың бір топ әртістері мен қызметкерлері түрлі марапаттарға ие болды. Қуыршақ труппасының әртісі Асылбекова Гульнур ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін ҚР Мәдениет, және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен, актриса Сәбира Бегайдарова мен музыка бөлімінің меңгерушісі Үмітай Абдулаева ҚР Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» төс белгісімен, жас актер Джарқынбеков Ардақ Қарағанды облысының әкімінің сыйлығын «Жыл әртісі» номинациясы бойынша иеленді.

2
Сонымен қатар, қуыршақ труппасының ардагер артисі Попов Валерий Егорович және драма актері Арыстамбеков Жәнібек мәдениет қызметкерлері облыстық кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапатталды. Жас актер Мәди Саденов қала әкімінің жыл сайыңғы «Үкілі қобыз» сыйақысы «Жыл артисі» номинациясы бойынша иеленді. Жезқазған қаласының Құрмет грамотасымен театр басшысы м.а. Канафина Индира Бакытовна және кадр маманы Кантарбаева Асель Баязитовна марапатталды. Академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 120 жыл мерекелік төс белгісімен театр басшысы м.а.Канафина Индира Бакытовна мен актриса Бегайдарова Сәбиракүл Төребайқызы марапатталды.

Іздеу

Сүйікті өрнек

zhanbotaev d

Жанботаев Д.А.

"Өнерде шекара жоқ. Барлық уақытта, барлық елде ол мейірім, махаббат, әділеттілік идеалдарына қызмет етіп, биік адамгершілік құндылықтарды бекітті. Мәдениеттің санқырлылығын сақтау, ұлттық болмыс пен ұлттық дәстүр, туған жер мен өз тарихына деген сүйіспеншілікке тәрбиелудегі өнердің маңыздылығын бағаламау мүмкін емес."
Олжас Сулейменов

 

Сүйікті өрнек

zhanbotaev t

Жанботаев 
Т.Д.

"Қаламаған кәсіппен жаныңды қинама. Кәсіп басынан бастап ыңғайлылыққа емес, сүйіспеншілікке құрылу керек. Тым кеш болмай тұрғанда есіңе сақта, кәсібің - жай ғана іс емес, бұл –өмірлік мұратың, бұл –бар ғұмырың."
Харуки 
Мураками