«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қарағанды облысының әкімдігі мен облыс мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен 2019 жылдың 15-19 қазаны аралығында С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрында Қазақстанның еңбек сіңірген

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қарағанды облысының әкімдігі мен облыс мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен 2019 жылдың 15-19 қазаны аралығында С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Тарлан» сыйлығының лауреаты, режиссер Жанат Хаджиев атындағы ІІІ Халықаралық театр фестивалі өтті. Биылғы фестиваль Ж.Хаджиевтің 70 жылдығына арналды. 

4

Фестивальге Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры, Абай атындағы Семей музыкалық-драма театры, Шығыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры, Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры, А.Умуралиев атындағы Бішкек қалалық театры, М.Вахидов атындағы Тәжікстан мемлекеттік жастар театры мен Өзбекстанның «Турон» Мемлекеттік әскери театры қатысты.
Фестивальге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Нұр-Сұлтан Жастар театрының көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері Нұрқанат Жақыпбай, театртанушы, сыншы, өнертану кандидаты, З.Исмагилов атындағы Уфа мемлекеттік Өнер институтыныңы «Тарих және өнер теориясы» кафедрасының доценті Айсылу Сагитова, өнертану кандидаты, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының «Өнертану» факультетінің декані Меруерт Жақсылықова, өнертану кандидаты, театртанушы, М.Әуезов атындағы Әдебиет пен өнер институтының «Театртану және кино» бөлімінің меңгерушісі Аманкелді Мұқан, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының суретшісі Мұрат Сапаров қазылық етті.
Фестивальге Ж.Хаджиевтің жұбайы, ҚР еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» оденінің иегері, С.Қожамқұлов театрының іргетасын қалаушылардың бірі Рашида Хаджиева, туысы Сәтжан Қиқымов, қарындасы Фаруана Хаджиева, еліміздегі бірқатар театрларының басшылары мен басқа да құрметті қонақтар келді.
Фестивальдің ресми ашылу салтанаты 2019 жылдың 15 қазан күні сағат 14.00-де басталды. Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары З.Ақылбекова, қазылар алқасының төрағасы Н.Жақыпбай, туысы С.Қиқымов құттықтау сөз сөйледі. Бұдан соң Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры Г.Горинның «Ұмытыңдар оны» спектаклін қойды.

1
Бес күнге созылған фестиваль күндері көрермен мен қазылар алқасы назарына Шығыс Қазақстан облыстық театры Б.Мұқаевтың «Сергелдең болған серілер» комедиясын, Қырғызстанның У.Умуралиев атындағы Бішкек қалалық драма театры Ж.Ануйдың «Сфорцандо», Абай атындағы Семей Мемлекеттік қазақ музыкалық драма театры Иран-Ғайыптың «Адасқан бақ құсы» , Өзбекстанның «Турон» Мемлекеттік әскери театры Ш.Исахонованың «Улан» (Қоштасу әні), Орал қаласындағы Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық драма театры Х.Мюллердің «Филоктет-Медея»,Тәжікстанның М.Вахидов атындағы Мемлекеттік жастар театры А.Фирдоусидің «Знамы Ковы» спектакльдерін ұсынды.
16 қазан күні фестивальдің бағдарламасына сәйкес «Ж.Хаджиевтың қазақ театры өнерін дамытуға тигізген ықпалы» шеберлік сағаты өткізілді. Шеберлік сағатын өнертану кандидаты, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Өнертану» факультетінің декані, театртанушы М.Жақсылықова мен Әдебиет пен өнер институтының «Театр және кино» бөлімінің меңгерушісі А.Мұқан өткізді. Шеберлік сағатына театрдың жас артистері мен Жезқазған музыкалық колледжінің «Актерлік бөлімінің» студенттері қамтылып, соңынан қатысушыларға арнайы сертификат тапсырылды.
17 қазан күні Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан театрлар, Н.Жақыпбай бастаған қазылар алқасы мүшелері мен құрметті қонақтар және баспасөз өкілдерінің қатысуымен жергілікті «Дидар» телеарнасында баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясында Ж.Хаджиевтің қазақ театр өнерін дамытуға қосқан еңбегі, жалпы театр өнерінің даму тенденциясы, жаңа формалар мен ілкімді ізденістер туралы жан-жақты айтылды. Баспасөз конференциясын «Дидар» телеарнасының басшысы, танымал журналист Базарбай Әлеуханұлы жүргізіп отырды. Жергілікті журналистер қатысушыларға сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды. Бұл күні фестивальдің өзге қатысушылары Жезқазған тарихи-археологиялық және Қ.Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік музейлеріне және қаланың көрнекті жерлеріне экскурсия жасады. Музей ұжымы қонақтарды құрметпен қарсы алып, бай экспонаттармен жан-жақты таныстырды, мазмұнды мағлұмат берді.
18 күні театрға Қарағанды облысының әкімінің орынбасары Нүкенов Абзал Нүкенұлы, Жезқазған қаласының әкімі Бегимов Қайрат Баяндыұлы және Ұлытау ауданының әкімі Берік Әбдіғалиұлы келіп, фестивальдің өту барысымен танысты. Фестиваль қатысушылары алдында Абзал Нүкенұлы құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде театрдың жағдайымен, шешімін күткен өзекті мәселелерімен жете танысып шыққанын, оларды шешу үшін әкімдік тарапынан қолдау болатынын айтты.

2
Аталған фестивальдің Қарағанды облысының әкімі кезінде Қошанов Ерлан Жақанұлының ұсынысымен басталып, үш жылдан бері облыс әкімшілігі мен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен тұрақты өтіп келе жатқанына, кейінгі жылдары қамтыған аумағы мен аясының кеңейіп, Халықаралық фестиваль дәрежесіне жеткеніне тоқталды. Фестивальдің Қарағанды облысы, қасиетті Ұлытау жерінде, Жезқазған қаласында өтуінің себебі - талантты режиссер Ж.Хаджиевтің осында еңбек етіп, қазақ театр өнеріне, оның ішінде С.Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының шығармашылық тұрғыдан өркендеуіне қосқан үлесінің ерекше екенін атап өтті. Алдағы уақытта да бұл игі бастаманың жалғасын таба беретіндігіне сендірді. Қатысушыларды тек фестивальге ғана емес, тарихы бай бұл өңірге туристік сапармен келуге шақырды.
Фестиваль шымылдығы 19 қазан күні сағат 11.00-де - С.Кожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрының Ш.Айтматовтың «Шыңғысханның ақ бұлты» спектаклінің премьерасымен жабылды. Өнер байқауының қорытындысы шыққанға дейін Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан театрларының артистері мен қонақтардың өнерлерін көрермен көпшілік қызыға тамашалады.
Сағат 14.00-де фестивальдің салтанатты жабылуы мен марапаттау шаралары өтті. Жезқазған мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Салтанат Нұрлыбаева қатысушы театрлардың шақыртуды қабыл алып, фестивальге келгендерге рахмет айтып, бұл фестивальдің алдағы уақытта да жалғасын таба беретіндігін жеткізді.
Қатысушы театрлар мен жүлдегер артистерге Фестивальдің түрлі аталымдары бойынша дипломдар, статуэткалар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды:
1.«Үміт» номинациясы Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрының актері Мақсат Рахметке Г.Гориннің «Ұмытыңдар оны» спектакліндегі Герострат рөлін сәтті сомдағаны үшін;
2.«Үздік музыкалық спектакль» номинациясы Өзбекстанның «Турон» мемлекеттік әскери театрының «Улан» спектаклі үшін;
3. «Үздік актерлік ансамбль» жүлдесі - А.Умуралиев атындағы Бішкек қалалық драма театрына;
4. «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» - номинациясы Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрының актері Сағызбай Қарабалинге Г.Гориннің «Ұмытыңдар оны» спектакліндегі Тиссаферн рөлі үшін;
5. «Екінші пландағы үздік әйел рөлі» - А.Умуралиев атындағы Бішкек қалалық драма театрының актрисасы Жайнагүл Абдусаламқызына Жан Ануйдің «Сфорцандо» спектакліндегі Сюзанна Делисиас рөлі үшін;
6. «Жюридің арнайы сыйлығы» - Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрына;
7. «Үздік режиссура» - С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрының режиссері Теміржан Жанботаевқа Ш.Айтматовтың «Шыңғысханның ақ бұлты» спектаклі үшін;
8. «Жанат Хаджиев атындағы үздік спектакль» жүлдесі М.Вахидов атындағы Тәжікстан Мемлекеттік Жастар театрына берілді.
Ж.Хаджиевтің туыстары Фаруана Хаджиева, Сәтжан Қиқымов және ҚР еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері, жұбайы Рашида Хаджиева фестивальді ұйымдастырушыларға жүрекжарды алғыстарын білдірді. Р.Хаджиева фестивальді өткізуге белсене қатысқаны үшін ҚР халық артисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Досжан Жанботаевқа Алғыс хат пен 3 мың $ сыйақы тапсырды.
Төрт күнге созылған өнер байқауы көрерменге жақсы көңілкүй сыйлады. Барлық спектакльдер аншлагпен өтті. Фестивальдің ұйымдастыру комитеті театрлардың қатысуына көмек берген Бішкек қаласының мэрі Азиз Эмильбекович Суракматовқа, Өзбекстан республикасының Қорғаныс министрі , Б. Қурбановқа , Тәжікстанның «Открытое общество» - көмек қоры институтының директорына, Тәжікстан Республикасының Мәдениет министрі Шамсиддин Шодибекович Орумбекзода мырзаға Алғыс хат жолдады.

 tyus.jpgwdfgh.jpgerg.jpghm.jpgIMG_8979.jpgIMG_8972.jpgIMG_8967.jpgIMG_8960.jpgIMG_8924.jpgIMG_8918.jpgIMG_8909.jpgIMG_8907.jpgIMG_8904.jpgIMG_8898.jpgIMG_8893.jpgIMG_8890.jpgIMG_8881.jpgIMG_8874.jpgIMG_8866.jpgIMG_8836.jpgIMG_8826.jpgIMG_8749.jpgIMG_8730.jpgIMG_8720.jpgIMG_8682.jpgIMG_8664.jpgIMG_8649.jpgIMG_8618.jpgIMG_8554.jpgIMG_8364.jpgIMG_7638.jpgIMG_7565.jpgdfhj.jpgdfh.jpgsdf.jpgdfg.jpgfj.jpgad.jpgfh.jpggs.jpg

Іздеу

Сүйікті өрнек

zhanbotaev d

Жанботаев Д.А.

"Өнерде шекара жоқ. Барлық уақытта, барлық елде ол мейірім, махаббат, әділеттілік идеалдарына қызмет етіп, биік адамгершілік құндылықтарды бекітті. Мәдениеттің санқырлылығын сақтау, ұлттық болмыс пен ұлттық дәстүр, туған жер мен өз тарихына деген сүйіспеншілікке тәрбиелудегі өнердің маңыздылығын бағаламау мүмкін емес."
Олжас Сулейменов

 

Сүйікті өрнек

zhanbotaev t

Жанботаев 
Т.Д.

"Қаламаған кәсіппен жаныңды қинама. Кәсіп басынан бастап ыңғайлылыққа емес, сүйіспеншілікке құрылу керек. Тым кеш болмай тұрғанда есіңе сақта, кәсібің - жай ғана іс емес, бұл –өмірлік мұратың, бұл –бар ғұмырың."
Харуки 
Мураками