Таяуда С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрында жазушы-драматург Лидия Егембердиеваның «Көресіңді көрмей...» пьесасы бойынша жаңа спектакльдің премьерасы өтті. Спектакльді қойған режиссер Жанат Хаджиевтің шәкірті Ұлан Ахметов .

IMG 7772

Таяуда С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрында жазушы-драматург Лидия Егембердиеваның «Көресіңді көрмей...» пьесасы бойынша жаңа спектакльдің премьерасы өтті. Спектакльді қойған режиссер Жанат Хаджиевтің шәкірті Ұлан Ахметов .

IMG 7644

Ұлан Ахметов Алматы облысы, Жамбыл ауданы, «Самсы» ауылының тумасы. Орта мектепті бітірген соң біраз жыл Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясында еңбек етіп, 2005 жылы Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының режиссерлік факультетіне, Ж.Хаджиевтің курсына, оқуға қабылданады. «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» дегендей, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Тарлан» сыйлығының лауреаты, талантты режиссер Ж.Хаджиевтің қойған спектакльдерін көріп, әдіс-тәсілдерінен үйреніп, көзі қанығып шығады.

Жас режиссер 2010 жылы Талдықорғандағы Б.Римова атындағы театрда дипломдық жұмысы М.Хасеновтің «Пай-пай, жас жұбайлар-ай!» комедиясын қояды. Кейін осы театрда режиссерлік еңбегін жалғастырып, Б.Соқпақбаевтың балаларға арналған «Тапқыр Қожанасыр», Р.Отарбаевтың «Ұйық», Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты», Л.Егембердиеваның «Жұмақ маған бұйырмас» т.б. спектакльдерін көрермен назарына ұсынады. Талапты жастың 2015 жылы Р.Отарбаевтың «Ұйық» спектаклі Ақтауда өткен Р.Отарбаев атындағы Халықаралық театр фестивалінде «Екінші пландағы үздік әйел ролі», «Үздік спектакль», «Үміт» номинацияларына ие болса, 2012 жылы Т.Жаманқұловтың «Әл-Тарази Таразға шақырады» фестивалінде қойған К.Қасеновтің «Арманшылдар» моноспектакліндегі рөлі үшін актер Е.Айдынбаев «Дебют» номинациясын алған еді.
2016 жылдан Алматы облысы Көксу ауданының Мұқыр халық театрының режиссері болып еңбек етеді. Осы уақытқа шейін 19 спектакль қойған режиссердің бұл – «Көресіңді көрмей...» спектаклі өзге театрда қойған тұңғыш еңбегі.

Тың және тыңайған жерді игеру кезінде жазықсыз жалаға ұшырап, сотталып кеткен жары Өмірсерікпен арада ұзақ жыл салып кездескен Ақдидар ананың тауқыметті тағдыры арқау болған спектакльді көрермен қауым ыстық ықыласпен тамашалады. ҚР Мәдениет саласының үздігі Дүйсен Кенжеев, актриса Бәтима Әлкенова Өмірсерік пен Ақдидар бейнелерін көрерменге шынайы жеткізе алды. Аталған кейіпкерлердің жас кездерін, олардың бір-бірне деген пәк, сыршыл сезімге толы таза махаббаттарын жас артистер Нұржан Бейісбеков пен Гүлдер Алиева нанымды көрсетті. Сонымен қатар, Мәди Сәденов (Айдар), Тоғжан Нұртаза (Бикен), Кенжетай Абильдин

IMG 7670
(Ғалым), Қанағат Бейсембай (Шәрипа) және эпизодтық рөлдердегі ҚР Мәдениет саласының үздігі Жұмағазы Бірмұқанов, Медет Сламғазы, көпшілік сахнадағы жас артистердің ойындары, әні мен биі көпшіліктің көңілінен шықты.

Спектакль премьерасына автор Лидия Егембердиева арнайы келді. Жезқазған мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары Г.Шомаева автор мен режиссерға Алғыс хат тапсырды. Театр басшысы м.а. И.Канафина театр атынан ескерткіш сыйлық ұсынды. Лидия Исақызы театр және қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшыларына, тамаша қойылымды тарту еткен артистер қауымы мен режиссер Ұ.Ахметовке, жалпы жезқазғандықтарға ыстық ықыластары үшін жүрекжарды алғысын білдірді.

Ү.Молдаберген,

театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі

Іздеу

Сүйікті өрнек

zhanbotaev d

Жанботаев Д.А.

"Өнерде шекара жоқ. Барлық уақытта, барлық елде ол мейірім, махаббат, әділеттілік идеалдарына қызмет етіп, биік адамгершілік құндылықтарды бекітті. Мәдениеттің санқырлылығын сақтау, ұлттық болмыс пен ұлттық дәстүр, туған жер мен өз тарихына деген сүйіспеншілікке тәрбиелудегі өнердің маңыздылығын бағаламау мүмкін емес."
Олжас Сулейменов

 

Сүйікті өрнек

zhanbotaev t

Жанботаев 
Т.Д.

"Қаламаған кәсіппен жаныңды қинама. Кәсіп басынан бастап ыңғайлылыққа емес, сүйіспеншілікке құрылу керек. Тым кеш болмай тұрғанда есіңе сақта, кәсібің - жай ғана іс емес, бұл –өмірлік мұратың, бұл –бар ғұмырың."
Харуки 
Мураками