Қуыршақ труппасы жаңа спектакль - Н.Гернеттің «Балапан қаз» спектаклін кішкентай көрермендер назарына ұсынды.Спектакльге достық, мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттер арқау болған.

Қуыршақ труппасы жаңа спектакль - Н.Гернеттің «Балапан қаз» спектаклін кішкентай көрермендер назарына ұсынды.Спектакльге достық, мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттер арқау болған. Спектакльдің басты ерекшелігі – көрермен жай ғана қызықтаушы емес, оқиға барысына белсене қатысып отыруында. Балалар аталған спектакльдегі оқиға - қиындыққа ұшыраған балапан қазды құтқаруға қатысты. Кішкентай көрермендермен осылайша тығыз байланыс орнату - олардың қойылымдағы оқиғаға қызығушылығын арттырды. Тағылымдық мәнін түсінуге мүмкіндік берді.

 MG 2005
Әдемі декорация, лайықты музыка, қуыршақ артистерінің шеберлігі спектакльдің тартымдылығын арттыра түсті. Спектакльді қойған Мәдениет қайраткері, режиссер Шәріп Ұзақов, қоюшы суретші Жұмабай Сәрсенов, музыкамен әрлеген Ұлан Дүйсенбек.

 MG 2038

Іздеу

Сүйікті өрнек

zhanbotaev d

Жанботаев Д.А.

"Өнерде шекара жоқ. Барлық уақытта, барлық елде ол мейірім, махаббат, әділеттілік идеалдарына қызмет етіп, биік адамгершілік құндылықтарды бекітті. Мәдениеттің санқырлылығын сақтау, ұлттық болмыс пен ұлттық дәстүр, туған жер мен өз тарихына деген сүйіспеншілікке тәрбиелудегі өнердің маңыздылығын бағаламау мүмкін емес."
Олжас Сулейменов

 

Сүйікті өрнек

zhanbotaev t

Жанботаев 
Т.Д.

"Қаламаған кәсіппен жаныңды қинама. Кәсіп басынан бастап ыңғайлылыққа емес, сүйіспеншілікке құрылу керек. Тым кеш болмай тұрғанда есіңе сақта, кәсібің - жай ғана іс емес, бұл –өмірлік мұратың, бұл –бар ғұмырың."
Харуки 
Мураками