Таяуда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлттық тәрбие» бағыты бойынша «Театр әлеміндегі қазақ халқының мәдениеті және салт-дәстүрі» тақырыбында
Таяуда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлттық тәрбие» бағыты бойынша «Театр әлеміндегі қазақ халқының мәдениеті және салт-дәстүрі» тақырыбында Жезқазған қаласындағы Қ.Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп пен №24 мектептің жоғары сынып оқушыларымен театрдың бір топ артистерінің кездесуі өтті.
Кездесуді ұйымдастырушылар алдымен Мәдениет қайраткері Бақытжан Ибраевтың, жас артистер Жәнібек Арыстамбеков пен Тоғжан Нұртазаның өнерге келу жолдарын таныстырып, ойнаған рөлдері туралы бейнебаян көрсетті. Артистер оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Спектакльдердегі қазақ халқының мәдениеті және салт-дәстүрінің көрінісі жайлы әңгімеледі. Бұдан соң мектеп оқушылары Абайдың 175 жылдығына арналған театрландырылған қойылымдарын көрсетті. Артистер жас өнерпаздардың шеберліктерін бағалап, дипломдар тапсырды