Ел Президенті Қ.Тоқаев биылғы 2020 жылды – волонтерлер жылы деп жариялағаны белгілі.
Ел Президенті Қ.Тоқаев биылғы 2020 жылды – волонтерлер жылы деп жариялағаны белгілі. Осыған сәйкес жер-жерде еріктілер ұйымы құрылып, көмек қажет ететін жандарға көмектерін жасауда. Осындай еріктілер ұйымы С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық –драма театрында да құрылды. «Серкенің серілері» еркітілер ұйымы жарияланған «Біз біргеміз» қар тазалау акциясына белсене қатысып, көп балалы ананың үйін қардан тазартуға қатысты. Алдағы уақытта да осындай игі шаралар жалғасын табатын болады.