
С.Қожамқұлов
атындағы
Жезқазған қазақ
музыкалы – драма театры
.
театр тарихы
С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театры 1972 жылы Арқалық қаласында Торғай облыстық музыкалық-драма театры болып құрылып, 24 желтоқсанда шымылдығын М.Әуезовтің "Айман-Шолпан" комедиясымен ашты.
1978 жылы театр Н.Островскийдің "Құрыш қалай шынықты" (реж. Е.Тәпенов) спектаклі үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды.
1981 жылы театрға ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі, ҚазКСР-нің халық артисі, Социалистік Еңбек Ері Серәлі (Серке) Қожамқұловтың есімі берілді.
.
Техникалық жабдық
Салынған жылы: 1950
қабат саны: 2
жалпы алаңы: 3280.2 кв.м.
көрініс: тұрақты
жарықтандыру: Софитное
перде: Сырғу
көрерменге арналған орын : 303КИІМ БӨЛМЕЛЕРІ: 5
.
аФИША
Жаналықтар
Театрдың 49 маусымы ашылды
Алты айдан астам үзілістен кейін театр сүйікті көрермендерімен сағына қауышты. 15 қазан күні С.Кожамқұлов театры 49 маусымының шымылдығын айқара ашты. Карантинге байланысты барлық талаптарды сақтай отырып, шектеулі көрермен назарына COVID-19 індетімен күресте қажыр -қайрат көрсетіп, ажалға араша тұрған дәрігерлер жайлы бейнебаян көрсетілді. Маусымашар салтанатқа еліміздің Алматы, Нұр-Сұлтан, Орал, Қостанай, Қарағанды қалаларынан белгілі актерлер мен режиссерлер арнайы келді.
Театр басшысы Досхан Сәкен өнер ордасымен мәдени-рухани әріптестік орнатып, қолдау көрсетіп, демеушілік жасап жүрген бірқатар мекеме, кәсіпорын басшылары мен жеке кәсіпкерлерге Алғыс хат тапсырды. Қала әкімі Қ.Әбсаттаров құттықтау сөз сөйлеп, театр ұжымына шығармашылық табыс тіледі. Соңынан көрермен назарына ұлы жазушы Ш.Айтматовтың «Шыңғыс ханның ақ бұлты» спектаклі ұсынылды.Режиссері Теміржан Жанботаев, қоюшы суретшісі Қуат Дүйсенбек.
Үздіктерге «Тұлға» сыйлығы тапсырылды
Таяуда Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Арқаның Атымтай жомарты, белгілі меценат Алтынбеков Бекзат Қомарұлының ұйымдастыруымен дәстүрлі өнер, білім, ақпарат салаларының дарабоз дарындарын ұлықтауға арналған салтанатты шара өтті. Бекзат Қомарұлы 15 жылдан бері қаланың, облыстың ғана емес, республикалық деңгейдегі іс-шаралардың ұйтқысы, демеушісі болып келеді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақпарат, мәдениет, өнер, білім саласының үздіктеріне берілген марапат биыл Әбу Насыр Әл Фарабидің 1150 жылдығы мен Ұлы Абайдың 175 жылдығына орайластырылды. Салтанатты шараға қазақтың «Қыз Жібегі» Меруерт Өтекешова бастаған елімізге танымал театр және кино актерлері, мәдениет, білім саласының майталмандары, билік өкілдері, қоғам белсенділері қатысты.
ҚР Халық артисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Досжан Жанботаев атындағы жүлде Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ербол Есендосовқа, ҚР еңбек сіңірген артисі Серік Бұлғақбаев атындағы жүлде – С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған театрының талантты актері Ардақ Жарқынбековке, ҚР «Құрмет» орденінің иегері Райхан Ибраева өз атындағы жүлде театр актрисасы Байдалина Қарлығашқа берілді. Ал ҚР Мәдениет қайраткері Бақытжан Ибраев талантты режиссер Ж.Хаджиев атындағы жүлдеге ие болды. «Тұлға » сыйлығының иегерлеріне арнайы мүсін мен диплом және қомақты қаржылай сыйлық тапсырылды.
Шеберлік сағатын өткізді
Маусымашар шараға арнайы келген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Әбдіхалықов, ҚР еңбек сіңірген артисі, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жастар театрының актері Сағызбай Қарабалин, М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық театрының қоюшы режиссері Жұлдызбек Жұманбай, Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық драма театрының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ербол Есендосов, І.Омаров атындағы Қостанай облыстық театрының актері Азамат Шөкеев театр жастарымен шеберлік сағатын өткізді, тәжірибелерімен бөлісті, спектакльдегі ойындары жайлы ой бөлісіп, жастардың сұрақтарына жауап берді. Сахнаның кәнігі майталмандарымен өткен шеберлік сағатының жастарға берер тағылымы мол болды.
Дәрігерлерге мың алғыс!
Ел алдындағы перзенттік парызын жауапкершілікпен орындап, антына беріктік, кәсібіне адалдықтың шынайы үлгісін көрсеткен дәрігерлер қауымы COVID-19 індеті кезінде дерт тырнағына іліккен жандарды ажалдан арашалап, жанқиярлық ерліктің үлгісін көрсетті, өз өмірлерін қиды. Олардың ерлігі ұмытылуға тиіс емес. Осыны парасат пайымына салған театр басшылығы оларға ерекше құрмет көрсету, алғыс айту мақсатында маусым ашылғаннан кейінгі алғашқы спектакльге арнайы шақырды. Қойылымға келген ақ халатты абзал жандар рухани демалыс сыйлаған театр ұжымына жүрекжарды алғыстарын білдірді.
тЕАТР РЕПЕРТУАРЫ

Тәтелер
Сахна режиссері: Досжан Жанботаев Автор сценария: Александр Коровкин
Жанр: Комедия
Орындау тілі: Қазақша
Сипаттама: Сюжеттің ортасында ескі үй және оның тұрғындары - сүйкімді, көңілді кемпірлер. Өте өкінішке орай, қаланың дәл ортасында, элиталық жерде орналасқан ата-баба ұясын иемденуге деген тым көп адамдардың ниетімен байланысты оқиғалар бұралаңында олар өздерін тапты.

АФҒАН ТРАГЕДИЯСЫ
Сахна режиссері: Досжан Жанботаев Автор сценария: Мархабат Байгут
Жанр: Драма
Орындау тілі: Қазақша
Спектакльдегі оқиға сарбаздар Амударияның мұзды суларынан өтіп, кейбіреулері өзенге құлап, ғажайыппен қашып кеткен сәттен басталады. Бірақ бұл алдағы қиындықтардың басы болды. Соғыс туралы кітаптардан оқып, киноларды көргеннен кейін сүті әлі ери қоймаған жас жігіттер тек соғыс ойыншық емес екенін түсінеді және ол туралы қорқынышты шындықты біледі.

Маугли
Сахна режиссері: Досжан Жанботаев Сценарий жазған: Александр Коровкин
Жанр: Ертегі
Орындау тілі: Қазақша
Сипаттама: Р.Киплингтің «Джунгли кітабы» ертегілері негізінде жазылған «Маугли» спектаклі көрермендерді жат пиғылды әлемге жетелейді. Осы қойылымның арқасында балалар адамның күшігі өскен ертегідегі джунглиді аралап қана қоймай, сонымен қатар шығыс елдерінің құпиялары мен құпияларына толы мәдениетімен аздап таныса алады.

Тендерге түскен келіншек
Сахна режиссері: Досжан Жанботаев Сценарий жазған: М. Сәрсеке
Жанр: Драма
Орындау тілі: Қазақша
Сипаттама: Драмада бүгінгі күн оқиғасы бейнеледі. Машинамен кісі қағып кеткен жалғыз ұлдарын пара беріп соттан құтқармақ болып шарқ ұрған ерлі-зайыпты. Ақыры әйелі «тендерге түсіп» сатылады. Нәтижесінде драма кейіпкерлерінің бәрінің малы түгел. Тек бәрінен түңілген, «намыстан өлген» отағасы ғана тентіреп кетеді… «Баланың жолында жан құрбан», – дейді ата-ана. Бірақ, шаңырақты ортаға түсірген мұндай құрбандықта мән бар ма?!

Aliquam dapibus quis sapien id pharetra
In finibus vehicula lorem, in tempor diam convallis non. Curabitur vel risus vitae urna auctor aliquam.

Aliquam dapibus quis sapien id pharetra
In finibus vehicula lorem, in tempor diam convallis non. Curabitur vel risus vitae urna auctor aliquam.

Aliquam dapibus quis sapien id pharetra
In finibus vehicula lorem, in tempor diam convallis non. Curabitur vel risus vitae urna auctor aliquam.

Aliquam dapibus quis sapien id pharetra
In finibus vehicula lorem, in tempor diam convallis non. Curabitur vel risus vitae urna auctor aliquam.

Aliquam dapibus quis sapien id pharetra
In finibus vehicula lorem, in tempor diam convallis non. Curabitur vel risus vitae urna auctor aliquam.

Aliquam dapibus quis sapien id pharetra
In finibus vehicula lorem, in tempor diam convallis non. Curabitur vel risus vitae urna auctor aliquam.

Aliquam dapibus quis sapien id pharetra
In finibus vehicula lorem, in tempor diam convallis non. Curabitur vel risus vitae urna auctor aliquam.

Aliquam dapibus quis sapien id pharetra
In finibus vehicula lorem, in tempor diam convallis non. Curabitur vel risus vitae urna auctor aliquam.

Aliquam dapibus quis sapien id pharetra
In finibus vehicula lorem, in tempor diam convallis non. Curabitur vel risus vitae urna auctor aliquam.

Aliquam dapibus quis sapien id pharetra
In finibus vehicula lorem, in tempor diam convallis non. Curabitur vel risus vitae urna auctor aliquam.

Aliquam dapibus quis sapien id pharetra
In finibus vehicula lorem, in tempor diam convallis non. Curabitur vel risus vitae urna auctor aliquam.

Aliquam dapibus quis sapien id pharetra
In finibus vehicula lorem, in tempor diam convallis non. Curabitur vel risus vitae urna auctor aliquam.

Aliquam dapibus quis sapien id pharetra
In finibus vehicula lorem, in tempor diam convallis non. Curabitur vel risus vitae urna auctor aliquam.
ТЕАТР АКТЕРЛЕРІ

ҚР халық әртісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері театр әртісі
Жанботаев Досжан Абдралимович өзінің еңбек жолын 1972 жылы сол жылы ашылған жаңа Торғай облыстық музыкалық-драма театрының негізін қалаушылардың бірі ретінде Мәскеу Shепкин атындағы жоғары театр училищесін бітіргеннен кейін бастаған. 1988 жылы Торғай облысы таратылғаннан кейін ол театрмен бірге Жезқазған қаласына көшіп келеді және өзінің туған театрында қырық жылдан астам уақыт үздіксіз жұмыс істейді.

Театр әртісі
Ибраева Райхан 1972 жылы Арқалық қалсында жаңадан құрылған облыстық қазақ музыкалық-драма театрының іргетасын қалаушылардың бірі болды. Театр ұжымының осы мерзім ішінде қол жеткізген табыстарында Р.Ибраеваның айшықты қолтаңбасы бар. Ол 45 жылдан астам уақыт ішінде 60-қа жуық образдарды сахнаға шығарды. Олардың ішінде шоқтығы биік, актрисаның бойындағы дарын қуатын барынша ашып көрсеткен образдар көптеп саналады.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері театр әртісі
Серік Құрматайұлы Бұлғақбаев М.С.Щепкин атындағы Мәскеу Жоғары театр училищесін 1978 жылы бітірген. Театрдағы 40 жылдан астам уақыт еңбек жолында ол 50-ге жуық қайталанбас бейнелердің тамаша галереясын жасады. Мәселен, Ш.Мұртазаның «Сталинге хатындағы» - Т.Рысқұловтың, И.Ғайыптың «Зұлымдық тамырындағы» - Ғалымжан, К.Ахметовтің «Ерте ояндым, ойландым, жете алмадымындағы» - Абай, Ә.Тәжібаевтің «Көтерілген күмбезіндегі» - Хан бейнелері актердің ізденісі мен қажырлы еңбегінің, тамаша талантының жарқын көрінісі. «Көтерілген күмбездегі» қалмақ ханының образы үшін 2000 жылғы республикалық театрлар фестивалінде «Ең үздік ер рөлі» номинациясына ие болды.

Театр әртісі
Бірмұханов Жұмағазы 1984 жылы Алматыдағы М.Әуезов атындағы Мемлекеттік Академиялық театр жанындағы театр студиясын бітірген соң еңбек жолын Қызылорда облыстық музыкалы-драма театрында бастады. 1988 жылы С.Қожамқұлов атындағы облыстық музыкалы- драма театрына ауысып, содан бері осы театрда үзбей еңбек етіп келе жатыр.
Ж.Бірмұханов театр саласындағы 30 жылдан астам уақыт ішінде көптеген рөлдерді сахналады.

Театр әртісі
Ерке Асқарұлы Байдешев 1979 жылы С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрында еңбек жолын бастап, кейін С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық – драма театрында әрі қарай жалғастырды. Талантты актер бүгінге дейін көркемдік шешімі келіскен қырыққа жуық образдарды сахнаға шығарды. Актер ретінде қалыптасып, кемеліне келіп, сахналық бай тәжірибе жинақтаған Е.Байдешевтың сомдаған кейіпкерлерінің айтар ойы терен, бояу қанық.

Театр әртісі
Зилиха Абдрасылова 1978 жылы арнайы жолдамамен С.Қожамқұлов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында еңбек жолын бастап, бір театрда қырық жылдан астам уақыт үзбей еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде қырықтан астам рөлдерді сомдап, талантты актриса ретінде көпшілік көрерменге кеңінен танылды. Майталман актрисаның сахнадағы өзін-өзі ұстау мәнері, кейіпкерінің ішкі жан дүниесін нанымды бере білуі, импровизациялық тәсілдерді кеңінен қолдана алуы, сахналық серіктестерімен тіл табыса, өзара үндесе еңбек ете алатындығы оның басты ерекшеліктерінің бірі.

Театр әртісі
1994 жылы Жезқазған музыка колледжінің актерлік факультетеін бітірген 2018 жылы Б.Бейшеналиева атындағы өнер акдемиясының режиссерлық бөлімін бітірді. Игібаев Құрман театрда еңбек ете жүріп, 1994 жылы Жезқазған музыка колледжінің жанындағы театр студиясын бітіргеннен кейін актер ретінде еңбек жолын бастап, отыз жылдан астам уақыт бір ұжымда жемісті еңбек етіп келеді. Театр ұжымының осы мерзім ішінде қол жеткізген табыстарында актер Қ.Игібаевтің қосқан үлесі мол. Табиғи талант, өз ісіне деген сүйіспеншілік, қажырлы еңбектің арқасында аз уақыттың ішінде актерлік мамандықтың қыр-сырын меңгеріп, көркемдік шешімі келіскен көптеген образдарды сахнаға шығарды.

Театр әртісі
Бақытжан Ибраев - өнер ұжымының шығармашылық бағытына лайық өзін көп қырлы актер ретінде танытып жүрген талантты актер. Ол орта мектепті бітірген соң еңбек жолын осы театрда бастады. Алматы Мемлекеттік театр және көркемсурет институтын бітірген соң еңбегін қайта жалғастырып, содан бері бір театрда үздіксіз қырық жылға жуық еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде 40-қа жуық басты және негізгі рөльдерді сомдады. Алғашқы жылдардың өзінде - ақ Б.Ибраев театрдың жетекші әртістерімен серіктесе отырып, үлкенді - кішілі рөлдерді ойнады.

Театр әртісі
Д.Кенжеев театрдағы еңбек жолын 1986 жылы бастады. Осы жылдар ішінде қайталанбас тамаша образдар галереясын жасады. Әсіресе, Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегіндегі» - Төлеген образының орны ерекше. Институтты бітірейін деп тұрған кезінде Арқалық театрының бас режиссері Ж.Хаджиев институтқа арнайы барып, «Қыз Жібек» спектаклінде ойнайтын артистерді іздеп жүріп, Төлеген рөліне әрі әнші, әрі актер Дүйсенді, Жібек роліне Талжібек Атамбекованы Жібек роліне лайықты деп тауып, театрға шақырды. Екеуі театрға бірге келіп, ролдерді сәтті ойнап шықты.

Театр әртісі
Абильдин Кенжетай Жүсіпұлы Жезқазған музыкалық колледжінің актерлік факультетін бітірген соң, театрдағы еңбек жолын 2000 жылы бастады.Үнемі ізденіс, кейіпкер бейнесін сомдаудағы өз қолтаңбасын табуға деген талпыныс жас артистің рөлден-рөлге өсу барысында анық аңғарылады. Алғашқы жылдары Р.Ибраеваның «Махаббат пен кесапатында» - Аслан, «Таңғажайып саяхат» ертегісіндегі – Алдияр, С.Оспановтың «Мұңлық-Зарлығында» – Зарлық, Т.Нұрмағанбетовтың «Бес бойдаққа – бір той» музыкалық комедиясында – Жарбол бейнелері арқылы көрерменнің ыстық ықыласына бөлінді.

Театр әртісі
2002 жылы Жезқазған музыкалық колледжінің актерлік факультетін бітірген Арыстанбеков Жәнібек Жезқазған музыкалық колледжінің актерлік факультетін бітірген соң, театрдағы еңбек жолын 2000 жылы бастады. Іздене жүріп, кейіпкер бейнесін сомдаудағы өз қолтаңбасын табуға деген талпыныс жас артистің алғашқы аяқ алысынан-ақ байқалды. Оның алғашқы сомдаған образ Р.Ибраеваның «Махаббат пен кесапаты» драмасындағы Муму бейнесі. Ауқатты отбасының маңдайға басқан жалғыз ұлы, мектепті кезінде үздік бітіріп, біртіндеп нашақорлыққа салынған жастың қиналған сәттегі күйзелісін шынайы сомдай алды. Сондықтан көрермен жас актер талпынысын өте жылы қабылдады.

Театр әртісі
Жезқазған музыкалық колледжінің актерлік факультетін бітірген, 2013 жыл. Қырғызстандағы 2017 жылы Б.Бейшеналиева атындағы өнер институтының актерлік факультетін бітірді. Джаркынбеков Ардак Мейірбекұлы 2009 жылы Жезқазған музыкалық колледжінің актерлік бөлімінде оқып жүрген кезінен бастап театрда еңбек етіп келеді. Жас актер осы уақыт аралығында он бестен астам рөлдерді тамаша сомдап шықты. Мәселен, Ғ.Ештанаев пен Р.Ибраеваның «Әбілмансұр» эпикалық драмасында қалмақтың Шарыш батырын, Ғ.Ештанаев пен Т.Жанботаевтың «Сәкеннің соңғы сәттері» поэтикалық композициясында қазақ әдебиеті алыптарының бірі Бейімбет Майлиннің бейнелерін жастық жалынмен сомдап шықты.

Театр әртісі

Театр әртісі
2013 жылы Жезқазған музыкалық колледжінің актерлік факультетін бітірген.
Бейісбеков Нұржан Жаруллаұлына 2014 жылдан театрда еңбек етіп келеді. Жезқазған музыкалық колледжінің актерлік бөлімінің 1 курсынан бастап-ақ жас актер бірнеше рөлдерді тамаша сомдап жүр. Мәселен, К.Ахметовтың «Қанда бар ғой, қанда!» драмасында Марат, М.Хасеновтың «Пай-пай, жас жұбайлар-ай!...» комедиясында – Бекзат, Р.Ибраеваның «Бәйтерек» ертегісінде Қайрат, «Алпамыс батырында» - Жәдігер, «Аяз Атаның аса таяғында» - Қодық, С.Оспановтың «Мұңлық-Зарлығында» - Зарлық, Э.Шмиттың «Тәңірге хатында» - Эйнштейн бейнелерін жастық жігермен сомдап шықты.

Театр әртісі
2017 жылы Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр және өнеракадемиясын бітірді Бейсенбай Қанағат Медебайқызы 2017 жылы Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр және өнеракадемиясын бітіріп, С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық – драма театрында еңбек жолын бастады. Қанағат Медебайқызы аз ғана уақыт ішінде шешімі келіскен шағын образдарды сахнаға шығарды. Олардың ішінде А.Волковтың «Меруерт шаһарының сиқыршысында» - Тотошка, Ғ.Ештанаев пен Т.Жанботаевтың «Сәкеннің соңғы сәттері» поэтикалық композициясында- Гүлбахрам, К.Әбдірахманов «Кетбұқасында »- қызметші қыз, Р.Мұқанова «Қыз жылағанында» - Құмардың қызы, М.Байғұттың «Ауған қасіретінде» -Сәлима бейнелері актрисаның рөл сомдаудағы тамаша талпынысын көрсете білді.

Театр әртісі
2013 жылы Жезқазған музыкалық колледжінің актерлік факультетін бітірген. Нұртаза Тоқжан Әбдіғалапқызының театрдағы еңбек жолы Жезқазған музыка колледжінде оқып жүрген кезден басталды.Тоқжан актерлік бөлімінде оқып жүрген кезінен бастап қойылымдардың көпшілік сахнасына қатысып жүрді. Атап айтқанда, Ғ.Ештанаев пен Р.Ибраеваның «Әбілмансұр» эпикалық драмасында, М.Кәрім «Ай тұтылған түн», С.Асылбековтың «Желтоқсан жаңғырығы» және т.б. Өнердегі сәтті талпынысымен танылған жас актриса С.Жүнісовтің «Қысылғаннан қыз болдық» спектаклінде - Сания Юнаппаровнаның бейнесін сомдап, алғашқы аяқ алысын сәтті бастады. Содан бері театрдың айтулы сахна шеберлерінің ойын-өрнектерін көріп, бойдағы талантын ұштап, шығармашылық еңбегін ұдайы дамытып келе жатыр.

Театр әртісі
2015 жылы Жезқазған музыкалық колледжінің актерлік факультетін бітірген. Алиева Гүлдер Мұханбетжанқызы театрдағы еңбек жолын Жезқазған музыка колледжінде оқып жүрген кезден бастады. Өнердегі талпынысымен танылып жүрген жас актриса С.Жүнісовтің «Қысылғаннан қыз болдық» спектаклінде -Айгүл бейнесін сомдап алғашқы аяқ алысын сәтті бастады. Содан бері театрдың айтулы сахна шеберлерінің ойын-өрнектерін көріп, бойдағы талантын ұштап, шығармашылық еңбегін ұдайы дамытып келе жатыр.

Театр әртісі
Рөлдері: С.Жүнісовтың «Жаралы гүлдерінде» - Бақыт, М.Байғұттың «Ауған қасіретінде» - жас жауынгер, А.Чупиннің «Меруерт шаһарының сиқыршысы» - маймыл, Э.Шмидд «Тәңірге хат» - Эйнштейн, Ғ.Ештанаев пен Р.Ибраеваның «Әбілмансұрында» - Әбілмансұр, Ғ.Ештанаев пен Т.Жанботаевтың «Сәкеннің соңғы сәттерінде» - жас Сәкен, Ш.Айтматовтың «Шыңғыс ханның ақ бұлтында» - Ерден.

Театр әртісі
Жезқазған музыкалық колледжінің актерлік факультетін 2015 жылы бітірген. Рөлдері: Р.Ибраеваның «Сиқырлы кітабында» - Тарғыл мысық, С.Жүнісовтың «Жаралы гүлдерінде» - Аплаш, М.Байғұттың «Ауған қасіретінде» - жас солдат, Ғ.Ештанаев пен Т.Жанботаевтың «Сәкеннің соңғы сәттерінде» - Сәкеннің шәкірті, Л.Егембердиеваның «Көресіңді көрмейінде» - Айдар және т.б..

Театр әртісі
С.Нұрғалиева 1948 жылы Атырау облысы, Индер ауданы, Жамбыл кеңшарында дүниеге келген. 1972 жылы Абай атындағы Қазақтың Мемлекеттік опера және балет театры жанындағы студияны бітіріп, М.Өтемісов атындағы Атырау облыстық драма теарында еңбек етті. «Атырау-Жайық» ансамблінің әншісі болады. 1973 жылдан С.Қожамқұлов театрында үзбей еңбек етіп келеді.
Рухани дүниесі бай, ішкі дүниесі сыршыл актрисаның әр сомдаған рөлдерінен қазақ әйелдеріне тән нәзіктік пен қайсарлық, жұмсақтық пен беріктік, табандылық пен төзімділік сынды қасиеттер айқын танылып тұрады. Сәнім Нарышқызының 40 жылдан астам сахнамен біте қайнасқан өмірінде образдардың терең қатпарлы сырларын жетік меңгере жүріп кейіптеген әйел-аналардың бейнелері соның айқын дәлелі.

Театр әртісі
Майрамбек Гауһар Қадырбекқызы 2014 жылы Жезқазған музыкалық колледжінің актерлік бөлімінбітірген соң С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театры драма труппасының актрисасы ретінде жұмысқа қабылданды.Талантты актриса сахна шеберлерімен қатар ойнай жүріп, жылдан жылға тәжірибе жинақтап келеді. Г.Майрамбек қазір репертуардағы көпшілік спектакльдерде эпизодтық рөлдермен қатар, негізгі және басты рөлдерді сомдап жүр.

Театр әртісі
Рөлдері: С.Жүнісовтың «Жаралы гүлдерінде» - Балташ, М.Байғұттың «Ауған қасіретінде» - жас жауынгер, Р.Киплингтің «Мауглиінде» - маймыл, Ғ.Жайлыбайдың «Қара орамалында» - тұтқын, Ш.Айтматовтың «Шыңғыс ханның ақ бұлтында» - бала Шыңғыс, А.Волковтың «Аладдиннің сиқырлы шамында» - саудагер бала және т.б..
Театрда жұмыс істейді: 1 - Қазақстан Республикасының халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (Д. Жанботаев), 2 - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі (Т. Ракишева, С.Бұлғақбаев), 2 - «Үрмет белгісі» орденінің иегері (Д. Жанботаев, Т. Ракишева) ), 2 - «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері (Д. Кенжеев, Қ. Шоманұлы), 1 - «Тәуелсіздік Қазақстан -10 жыл» мерекелік медалінің иегері (Т.Мұстафинов), 1 - Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасының иегері (Р. ), 11 - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері».
ҚУЫРШАҚ ТЕАТЫРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ

Қуыршақ труппасының режиссері
Ұзақов Шәріп Қасымжанұлы

Қуыршақ театрының әртісі
Попов Валерий Егорович

Қуыршақ театрының әртісі
Попова Наталья Юрьевна

Қуыршақ театрының суретшісі
Жұмабай

Исинеева Галина Серікпайқызы

Асылбекова Гүлнұр Гарифоллина

Қуыршақ труппасының әртісі
Исмаилова Рыскүл Бақытқызы

Қуыршақ труппасының әртісі
Ирина Александровна Федосенко

Қуыршақ труппасының әртісі
Тихонова Светлана Андреевна

Қуыршақ труппасының әртісі
Молдабергенова Гүлім

Қуыршақ труппасының әртісі
Каменов Жанболат Шынболатұлы

Қуыршақ труппасының әртісі
Турсымуратова Зере Кантқызы

Байдешова Лаура Еркеқызы
Ашылған алғашқы күндерінен бастап жас көрермендердің қиялын және қиялын, көркемдік талғамын және эстетикалық сезімдерін дамыту бойынша жұмыс жасаған С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрының қуыршақ труппасы 1985 жылы алғаш есігін ашқан Жезқазған облыстық қуыршақ театры ретінде құрылды. «Доктор Айболит» ертегісі А. Коростылев. Спектакльді режиссер М.Койфман, қоюшы-суретші С.Смаглюков сахналады.
Негізін қалаушылар Р.Қонысбеков, Ж.Жапарова, Бәйімбетов, Д.Бурман, О.Бурман, Р.Асылбеков, А.Рамаданов, А.Сағындықов, С.Сидорова, П.Абдулаева және басқалардың есімдері. қуыршақ театрының тарихына алтын әріптермен жазылған. Ұжымның кейбір негізін қалаушылар, суретшілер В.Попов пен Г.Асылбекова, меншік иесі Г.Кабылова және тігінші О.Федосенко әлі де жұмысын жалғастыруда.
медиа


















ТЕАТР ӘКІМШІЛІГІ
Сакен досхан сакенович
ЛАУАЗЫМЫ: ТЕАТР БАСШЫСЫ
Досхан Сәкен Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. Т.Жүргенов театр актері және Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті, құқықтану дәрежесі бойынша. Еңбек жолын Алматыдағы Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорында бастаған. Ол И. атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының шығармашылық зертханасының продюсері болып жұмыс істеді. Т.Жүргенова, «Алашұлы» этникалық тобының PR-директоры. Ол жеке отандық киностудиялар мен театрларды басқарды. Ол Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры директорының орынбасары болған. М.Әуезова, «Қазақстандық зияткерлік меншік құқықтарын басқару қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры.
